È

«Жер қоршауда»: Джон Гудман және Эштон Сандерс жерден тыс қауіпке дайын

«Жер қоршауда»: Джон Гудман және Эштон Сандерс жерден тыс қауіпке дайын

Focus Features студиясы режиссер Руперт Уайаттың («Ойыншы», «Маймылдар аралының жандануы») «Жер қоршауда» атты ғылыми-фантастикалық триллерінің алғашқы трейлерін ұсынды. Таспадағы негізгі рөлдерді сомдайтын Джон Гудман («Жойқын ақсары қыз», «Конг: Қаңқалар аралы»), Вера Фармига («Шекаралар», «Жолаушы») және Эштон Сандерс («Ұлы теңестіруші 2», «Айдың жарығы») жерден тыс келетін қауіпке дайын.

«Жер қоршауда» Уайаттың 2011 жылы «Маймылдар аралы» заманауи трилогиясының бірінші бөлімін ұсынғаннан кейінгі ғылыми-фантастикалық тақырыпқа алғаш оралуы болмақ. Режиссердің жаңа жобасындағы оқиға бөгде ғаламшарлықтардың келуінен кейін он жыл өткен соң Чикагода өрбиді. Бұл таспада Уайатт келімсектермен байланыс орнатқандардың және соларға қарсы шыққандардың өмірін зерттейді.

«Жер қоршауда» ғылыми-фантастикалық триллері 2019 жылдың 28 наурызында айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер