È

Жаңабек Жетіруов «Шыңырау» фильмінің түсіріліміне кіріспек

Жаңабек Жетіруов «Шыңырау» фильмінің түсіріліміне кіріспек. Қазақстандық кино

Жақында режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Шыңырау» фильмінің түсірілімі басталады. Жаңа кино жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Құдық» повестінің негізінде түсіріледі. Толықметражды фильмнің өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы айналыспақ.

«Шыңырау» драмасының сюжеті негізгі оқиғадан алыс емес. Басты кейіпкер – құдық қазушы Еңсеп. Еркек - өз ісінің нағыз маманы. Алайда, кейіпкердің тағдыры оңай болмайды. Авторлар Еңсептің өмірі арқылы махаббат, сатқындық, достық, көреалмаушылық, қызғаныш секілді адами құндылықтарды ашып көрсетуге тырысады.

 

Жаңабек Жетіруов драма сценарийіне бейімделу үшін 4 жыл жұмыс істеген. Оның қазіргі мақсаты – лайықты кино түсіру.

Фильм көбіне Маңғыстау облысында өтеді. Түсірілім тобы Үстірт жазығы мен Каспий теңізі жағалауында жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильмнің түсірілетіні туралы өткен жылдың аяғында хабарланған болатын. Ол кезде актерлік құрам белгісіз еді. Енді басты рөлдерде Алдабек Шалбаев пен Асылхан Толепов ойнайтыны белгілі болды. Сондай-ақ, картинаға Зухра Сайпи, Азамат Шарғын, Дәулет Әбіш, Мақсат Сәбитов, Мұхамеджан Мырзакиев қатысады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 апреля 2017, 22:27

Надеюсь интересная кинолента получиться в итоге, удачи!

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист