È

Жәнібек Ғұсманов толық метрді қолға алды

Жәнібек Ғұсманов толық метрді қолға алды

Режиссер Жәнібек Ғұсманов әзірге уақытша атауы Соль мажор» деген фильмді түсіруді қолға алды. Жәнібек үшін алғашқы толықметраджы жоба. Лента қазіргі замандағы байлардың жасөспірім балалары жайлы, олар өздерінің әрекеттері туралы ойланбайды, тек "дайын асқа тік қасық" болып өмір сүреді. Бірақ олардың өмірінде айналасындағы өмірге салмақты көзқараспен қарап, өз әрекеттеріне ересек адамша баға беретін сәт туады.

Ғұсмановтың кинодағы карьерасы 2006 жылы басталды. Ол ең алғаш рет түсіру алаңына әкімші ретінде шықты, кейін 5 жылдың ішінде қатардағы продюсер, одан кейін атқарушы продюсерге дейін өсті. Бірнеше жылдан бері Жәнібек актерлік шеберлікті жаттьықтырушы болып қызмет етеді. Қазір ол Mustafa мектебінде дәріс береді.

Соңғы үш жылда дебютант сериалдарда екінші режиссер ретінде еңбек етіп келді. Көп сериалы жобаларға ол актер ретінде де қатысты. Ол «Парыз», «Крестная дочь», «Цена свободы» атты фильмдерде рөл ойнады.

Жәнібек Ғұсманов

2011 жылы Жәнібек Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Режиссура, кинодағы продюсерлік және телевидения» мамандығы бойынша тәмамдады.

«Соль мажор» фильміне режиссерді фильмнің атқарушы продюсері Қымбат Кеңесбай шақырды. Нәтижесі жаман емес, пре-продакшн барысында режиссер сценарийге бірқатар түзетулер енгізген. сценраийдің алғашқы нұсқасы 80 пайызға өзгертілді. Мәтіннің авторлары: Жәнібек Гұсманов, Еркен Губашев, Марсель Махмуди және Қымбат Кеңесбай.

«Әрине, аздаған қобалжу бар, бірақ мен өзіме сенімдімін, өйткені менімен бірге кәсіби мамандар жұмыс істеуде. Біздің жұмысымыздың нақты жоспары бар», - дейді Ғұсманов.

Жәнібек қанша көрсең де жалықтырмайтын, көргің келе беретін фильм түсіруді армандайды. Режиссердің айтуынша, ол «Титаник», «Тақиялы періште» немесе «Қызметтестер хикаясы» секілді болуы мүмкін.

 

Тақырып бойынша:

Фоторепортаж со съемок «Соль мажор»

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Тимур Жақсылықов

Сценарист