«Женатики»: ерлердің оқиғасы
«Городские легенды» фильмінің авторлары «31 арна» тапсырысымен жаңа «Женатики» сериалын түсіруде. Телефильмнің режиссеры Санжар Омаров. Продюсерлері Сәбит Рахимбаев және Даут Шайхисламов. Атқарушы продюсер - Данияр Орманбаев.
«Женатики» - төрт достың оқиғасы. Флегматик Ермек әйелімен және анасымен бірге бір пәтерде тұрады. Донер жасаушы Вага өзінің азаматтық некедегі әйелі Наташаның пәтерінде тұрады. Құмар ойынға құтар Айбын әйелімен екі қызын әрең бағып жүр. Ал сүр бойдақ Тимур өзінің арманындағы қызды кездестіреді. Кейіпкерлер көрерменге жақсы таныс қызықты әрі ығңайсыз жағдайларға тап болып қала береді.

Рөлдерде: Сәбит Рахимбаев, Даут Шайхисламов, Азим Саидбаев, Нұрдәулет Шертім, Нұргүл Алпыспаева, Сабина Саякова, Наталья Валькова, Дариға Бадыкова, Тынышкүл Сұлтанбердиева, кішкентай актрисалар Әмина және Адия Малғаждар.
Авторлардың айтуынша, сериалдың ұраны: «Отбасы - адам өміріндегі ең басты құндылық».
Түсірілім 19 қыркүйекке дейін жалғасады. 20 сериялы фильм биылғы жылдың соңында экранға шығадып деп жоспарланып отыр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін