È

Жеңісхан Момышев «Қазақша кәсіп Америкада» комедиясын таныстырды

Жеңісхан Момышев «Қазақша кәсіп Америкада» комедиясын таныстырды

Алматыда 28 желтоқсаннан бастап айналымға шығатын «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Комедияны режиссер Жеңісхан Момышев, продюсер Нұрлан Қоянбаев, қоюшы-оператор Азамат Дулатов, фильм директоры Рустам Юсупов және актерлар Гүлназ Жоланова, Жан Байжанбаев және Рамазан Амантай таныстырды.

«Қазақша кәсіп Америкада» - Жеңісхан Момышев пен Нұрлан Қоянбаевтың бірігіп түсірген екінші жұмысы. Тура бір жыл бұрын екеуінің дебютті жобасы – «Қазақша кәсіп» фильмі жарыққа шыққан еді. Жаңа картинада барлығына белгілі Жомарт көмекшісі Аленмен және інісі Еркошпен бірге Лос-Анджелеске ұшады. Кәсіпкер осы жолы мейманханасына бес жұлдыз беделін алуға асығады.

Рамазан Амантай. Фото: inform.kz

«Еркоштың образына ену қиындау болды. Бірақ, Жеңісхан Момышев, Нұрлан Қоянбаев және Жан Байжанбаевтың қолдаулары мен көмектерінің арқасында өзіме жүктелген міндетті атқарып шықтым. Америкадағы түсірілім мәңгі есте қалатын болды. мен тамаша тәжірибе жинадым. Түсірілім алаңындағы серіктесім - Ашли Огиллардпен әлі күнге дейін Instagram арқылы хабарласып тұрамыз», - деді жас актер Рамазан Амантай.

Отандық комедия Лос-Анджелесте 20 күн бойы түсірілген. Түсірілмге американдық актерлар да қатысты.

Авторлардың айтуынша, шетелде фильм түсіру қыруар қаржыны талап етеді. «Қазақша кәсіп Америкада» комедиясының өндірісіне 400-450 мың доллардай қаражат жұмсалған.

Режиссер Жеңісхан Момышев және актер Жан Байжанбаев. Фото: inform.kz

«Түсірілім кезінде айтарлықтай қиындықтар бола қоймады. Барлығы жоспар мен кесте бойынша өтті. Американдық кинематографистер өте ұқыпты. Біз олардан, олар бізден бір нәрсе үйрендік деп ойлаймын. Фильм түсіріліміне қатысқандардың барлығына алғыс айтқым келеді. көрерменге туындымыз ұнайды деп сенеміз», - деді картина режиссері Жеңісхан Момышев.

Нұрлан Қоянбаевтың айтуынша, егер комедияның екінші бөлімі көрерменге ұнап жатса, фильмнің тағы да жалғасы түсірілмек.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса