È

«Elle Kazakhstan» журналы жүлделерді таратты

 «Elle Kazakhstan» журналы жүлделерді таратты

Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайында «ELLE STYLE AWARDS» марапаттау шарасы өтіп жатыр. Әр жыл сайын «ELLE» журналы ашық дауыс беру әдісі арқылы сән мен стиль саласындағы жекелеген тұлғаларды анықтап, оларды марапаттайды. Осы жылы «Театри және киноның үздік актер және актриса» марапаты Санжар Мадиев пен Айсұлу Әзімбаеваға бұйырыпты.

«Менің түсінгенім жүлде сахнадағы ең стильді адамға беріледі екен, мен үшін бұл күтпеген сыйлық болды. Мен трендтерді бақылап отыратын адамдардың қатарынан емеспін. Меніңше маған «Любовница» және «Счастливые поют» спектакльдерін тамашалған көрермендерім дауыс берді. Маған бұйырған мүсін «АRТиШок» театрымен, Разия Хасановамен, труппамен және «Jazz House» тобымен бірлесіп жааған еңбегіміздің бағасы деп білемін. Еңбегің ақталып, елеп-ескеріліп, жүлде алып жатқаныма өте қуаныштымын», - дейді Айсұлу.

Сондай-ақ ELLE мүсінін иеленген актрисаның айтуынша, шығармашылық адамдарымен бір қатарда тұрудың өзі бір бақыт.

Бір қызығы Санжар Мадиев үшін ELLE марапаты актер ретіндегі алғашқы жүлдесі екен.

«Мен қатты қобалжыдым, өйткені мұндай марапатқа алғаш рет ие болдым. Менің «бәсекелестерім» өзімнің достарым, әріптестерім, іштей мен олар үшін де қатты толқыдым. Нітижесі белгілі болған кезде бәрі өтті-ау деп көңілім орнына түсті. Әрине, маған сенім білдірген, мен үшін дауыс берген барлық адамдарға алғыс білдіремін және журналға рахметімді айтамын», - дейді актер.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру жаздың басында басталып, 30 маусымда аяқталды. «Театри және киноның үздік актер және актриса» аталымы бойынша үміткерлер қатарында Аружан Джазылбек, Анастасия Тарасова, Қарлыгаш Мұхамеджанова, Чингиз Капин, Максим Акбаров және Ануар Нурпеисов болды.

 

Әйгерім Қасқыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер