Ораз Әбішeвтің алтын қоры
«Ораз Әбішев қоры» қоғамдық қоры мен «Бродвей» кинопорталы көрермендерге белгілі режиссер, қазақ деректі фильмдерінің негізін қалаушы Ораз Әбішевтің алтын қорындағы деректі фильмдермен танысуға мүмкіндік беріп отыр.
Біздің сайтымыздағы кинотеатр» бөлімінде Қазақстанның өркендеуі және еліміздің гүлденуіне үлес қосқан адамдар туралы 42 картинаны көре аласыздар. Әрбір лента – қарапайым, еңбекқор, алға ұмтылғыш адамдар жайлы очерк. Кеңестік кезеңде біздің еліміз тек көмір, мұнай өндірумен ғана емес, егін шаруашылығымен де аты шықты. Қазақстан халықтық дарындарды тудырды. Ораз Әбішевтің деректі фильмдерінде сол замандағы табиғат, шаурашылық, тұрмыс, еңбек ерекше суреттелген. Әрбір адамның еңбегі елеулі, барлығы бір мақсатта еңбек етті.

«Девушки из аула» фильмінен кадр
ВГИК-те оқып жүрген кезінде Ораз Әбішев «Райхан» фильмін түсіруге атсалысқан болатын. Ол режиссер Моисей Левиннің ассистенті болды. 1942 жылы ол Қазақстанға оралды және студия аясындағы мектепте актерлық шеберліктен сабақ берді және «Советский Казахстан» журнлына жазып тұрды. Өз ленталарын Әбішев 1946 жылы түсіре бастады, оның алғашқы картинасы «Наш колхоз Кызыл-ту».
Оның жұмыстарының мақсаты - туған даласының тарихын келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Фильмдер өте қарапайым түсірілген: фактілердің хронологиясы көрсетіледі және видеоға дикторлық мәтін қосарланған. Ораз Әбішев отанымыздың сұлулығы мен байлығын, халқымыздың мәдениеті мен зиялылығын тамаша көрсете білді. Белгілі режиссерден Сергей Әзімов, Бақыт Қаирбеков, Әсия Байғожина және басқа да жас, дарынды документалистер дәріс алған. 
«Сад Калыбая» фильмінен кадр
Ораз Әбішевтің шығармашылығымен біздің сайттан тегін таныса аласыздар. Назарларыңызға келесі фильмдерді ұсынамыз: «Девушки из аула», «Граница терпения», «На земле казахской», «На арабском языке», «В нашем городе», «Всегда в пути», «Двенадцатая высота», «Преображенная земля», «Дина Нурпеисова», «Если друзья рядом», «Диалог с историей», «Брежнев в Казахстане», «Испытание», «Песни Казахстана», «Народные таланты», «Глубокий след», «Наш колхоз Кзыл Ту №3», «На дальних пастбищах», «Объятия друзей», «Сад Калыбая», «Салем, Москва!», «Юность зовет», «Друг и помощник чабана», «С днем рождения, Кзыл-Орда!», «Смотр сельской художественной самодеятельности», «С тобою рядом», «Династия шахтеров», «Синие острова», «Остров мечты», «Оркестр народных инструментов имени Курмангазы», «Опережая ветер», «Земля Маукена», «Зовет вторая целина», «По следам одного письма», «Прекрасного черты», «Өнер күнделігі», «Продолжение пути», «Пять встреч лета», «Рабочие девчата», «Рапия», «50 лет со дня смерти Абая Кунанбева», «Счастливое детство».






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін