È

«Ол» хоррорының жұлдызы Финн Вулфард өзін рок-музыкант ретінде сынап көрді

«Ол» хоррорының жұлдызы Финн Вулфард өзін рок-музыкант ретінде сынап көрді

«Ол» хоррорының және «Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясының жұлдызы Финн Вулфард қазір Голливудта сұранысқа ие тинейджерлердің бірі. Актер музыкалық дарынын да көрсетіп келеді. Сәрсенбі күні ол Calpurnia тобымен бірге «City Boy» атты алғашқы хит-синглін таныстырды. Олардың музыкалық бейнежазбасы шатырда жаттығып, кезекті шедеврге дайындалып жатқан жасөсіпірімдерді бейнелейді. Бейнебаянды көңілді әрі ессіз анимация элементтері еселей түседі. Роликті Джози Маршалл түсіріп, монтаждаған.

Ұжымның 15 жасар белсендісі Вулфардпен қоса, Calpurnia құрамына тағы да үш музыкант кіреді: Эйла Теслер-Мэйб (гитара), Джек Андерсон (бас) және Малкольм Крэйг (барабан). Топ The Royal Mountain Records лейблімен келесім-шарт жасасты.

«Осы бейнебаянды түсірген уақытта көптеген ләззат алғанымызды көрсете аламыз деп үміттенеміз. Бұл музыка – шынында, бірігіп туынды жасауды жақсы көретін және музыканың адамдарды біріктіретініне сенетін достардың ортақ еңбегінің нәтижесі», - дей келе, Calpurnia музыканттары дебютті жұмыстарын таныстырды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер