È

«Жұлдыз дүниеге келді»: саундтрек Billboard журналының Top-200 альбомында бірінші орында тұр

«Жұлдыз дүниеге келді»: саундтрек Billboard журналының Top-200 альбомында бірінші орында тұр

Брэдли Купер мен Леди Гага жазған «Жұлдыз дүниеге келді» фильмінің саундтрегі Billboard журналында Top-200 альбомының бірінші орынына ие болды. Бұл танымал әншінің әндерінен құралған жаңа үнтаспаның бесінші табысты дебюті. Алғашқы аптада жақында шыққан голливуд блокбастерлерінің музыкасымен бірге физикалық құрылғыларда және интернет қызметтерде 231 000 көшірмесі сатылды. Бұл сан соңғы жылдардағы саундтректер сатылымының рекорды болды.

Billboard журналының Top-200-і музыкалық үнтаспалардың эквивалентті бірлік сатылымы сынды бірнеше параметр негізінде АҚШ-та аптадағы ең танымал альбомдардың сатылымы арқылы бағаланады. Мұнда дәстүрлі физикалық құрылғылардың сатылымы, ғаламторда ақылы жүктеуге арналған альбомдардағы тректердің сатылымы және стримингті қызметтердегі саундтрек материалдарын ақылы түрде тыңдау қызметтері бар.

«Жұлдыз дүниеге келдінің» жинақты саны таң қалдырады. Алғашқы аптада 162 000 физикалық құрылғылар сатылды, iTunes пен Google Play қызметтерінде 37 000 пайдаланушы альбом сатып алды және тағы 32 000 адам ақылы стримингті қызметтерде біріншіден соңғы әндерге дейін онлайн түрде альбом тыңдаған.

Алдыңғы жолы Леди Гага Billboard-та «Joanne» (2016), «Cheek to Cheek» (2014), «ARTPOP» (2013) және «Born This Way» (2011) альбомдарымекн бірінші орынға шыққан болатын.

«Жұлдыз дүниеге келді» музыкалық мелодрамасы айналымда жүріп жатыр. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса