È

Жұлдызды балалар

Жұлдызды балалар

Оларды көпшілік таниды, олардың жұмыс кестесі өте тығыз, олардың түсірілімдер мен гастрольдерден қолдары тие бермейді, үнемі жұрттың назарында, алайда олар балалары үшін қарапайым әкелер мен аналар. Өйткені балаларға фотокамералар мен қызыл кілемдердің қажеті жоқ, олардың өз әлемдері мен бейкүнә армандары бар. Жұлдызды ата-аналарымен қарым-қатынасы және армандары туралы отандық жұдыздардың балалары әңгімелеп берді:

Радмир, 7 жаста «Shine» тобының әншісі әрі актриса Саи Оразгалиеваның ұлы.

Айару, 12 жаста. продюсер, актриса және тележүргізуші Баян Есентаеваның кіші қызы

Отбасының барлық мүшелері Айарудың ерекше бала екенін, индиголар қатарынан екенін айтады. Оған махаббат пен мейірімді мейілінше қажет. Айарудың айналысатын ісі де балаларға тән емес, ол тәттілер пісіреді. Оның қолынан шыққан тәттілердің дәмін көргендердің айтуынша, жаман емес. Ол аспаз болуды армандайды. Айару бос уақытында серуендейді, табиғат аясына шығады немесе фильмдер көреді. Ата-аналарының жұмыс кестесі қанша тығыз болғанымен, олар қыздарына назар аударуға уақыт табады. Ол да ата-анасымен сөйлесуге бір минут болса да уақыт бөледі. Баян есентаеваның айтуынша. ол балаларына қатал ана, ал әкелері – мейірімді.

«Менің балалық шағым қуанышқа толы, өйткені менің ата-анам әлемдегі ең керемет жандар», - дейді Айару.

Даниал, 11 жаста. белгілі тележүргізуші және бизнес-леди Динара Сатжанның үлкен ұлы.

Даниал өзінің жасына қарамастан оның бо уақыты жоқ. Таэквондоға барады, теннис ойнайды, вокалдан сабақ алады. Жақында ментальді арифметикамен айналыса бастады. Бірақ бәрінен де ол футболға қатты қызығады. тележүргізуші анасының айтуынша ол баласына таңдау еркіндігін береді. Сонда ғана нағыз көшбасшы тәрбиелеуге болады дейді Динара. бүгінде Даниал белсенді түрде вайндар түсіреді.

Алиса (9 жаста) және Медея (7 жаста), қазақстандық актер, жүргізуші, сценарист Ерден Телемисовтың кіші қыздары.

Алиса мен Медея көркем гимнастикамен айналысады. Алайда Алиса актриса немесе тележүргізуші болуды армандайды. Ол әкесінің өзіне қашан да қолдау білдіретінін біледі. Медея - үйдің кендесі, оны барлық отбасы мүшелері барлығы жабылып қараған. Телемісов сырт көзге түсі суық көрінгенімен қыздарын жиі еркелетеді.

 

 

Әйгерім Қасқыр

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әнуар Нұрпейісов

Актер

Төлеген Байтөкенов

Актер