«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс»: Marvel блокбастерінің соңғы трейлері. Оқиғалар мен кейіпкерлер. 2 бөлім
«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» картинасының соңғы трейлері өте әсерлі әрі таң қалдырарлық. Фильмге қазір Marvel кинематографиялық әлеміндегі кульминациялық рөл бұйырып тұр. Көрермендер асыға күтіп жүр. Алдын ала билет сатылымдары рекорд орнатуда. Аталмыш эпикалық таспада қандай оқиғаның болатынын тағы бір саралап, бірнеше қызықты ақпаратпен бөлісе кетейік.
Капитан Америка Таностың соққысына төтеп беруде
Бұл нағыз ессіздік. Әрине, Капитан Американың (Крис Эванс) өте мықты екені белгілі. Бірақ, ессіз титан Таностың жұдырығына төтеп бере алатындай мықты ма? Бұл уайымдауға себеп болып отыр. Бұл шайқастың нәтижесі трейлерде жоқ. Мүмкін, көріністің келесі бөлімінде Капитан өлімші етіп сабалған шығар...
Вакандтың жұмбақ образдары
Роликте Темір Адам (кіші Роберт Дауни) Мәңгілік Тасты құтқаруы жайлы және оның Таностың қолына тимеуі туралы жоспарларын баяндап отырады. Осы кезде Капитан Америка және Қара Жесір (Скарлетт Йоханссон) Вакандқа келеді. Шури ханшайым (Летисия Райт) бұл уақытта голограмманы мұқият қарап тұрады, ол жақтан Ақыл Тасын ұстап тұрған Виженнің (Пол Беттани) бейнесін көреді. Ваканд шайқас орталығына айнала ма, себебі ол жақта бір ғана емес, бірнеше Тас жасырынған болар? Аталмыш елдің аса зор техникалық ілгерілігі осындай жоспардың нағыз мекеніне айналдырғандай.
Халкбастер
Халкка (Марк Руффало) «Кек алушылар: Мәңгілік соғыстың» барлық трейлерлерінде аз ғана көңіл бөлінген. Вакандта біртүрлі жауынгерлік мақұлықтың шайқасуы әскери костюм киген Халкка ұқсайды. Осылайша, ол нағыз соғыс көлігі – Халкбастерге айналады!
«Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» комиксі биылғы жылдың 3 мамырынан бастап ауқымды айналымға шығады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін