È

2017 жылғы 10 актер-дебютант

2017 жылғы 10 актер-дебютант

Дебют – назар аудартатын және жауапкершілігі өт жоғары жұмыс. Жас актердің алдында қиын тапсырманың тұратыны анық: кейіпкерінің образына жақсылап еніп, рөлін шынайы ойнап шығу. Кейбіреулері жүктелген міндетті тамаша орындаса, енді бірі алып шыға алмай жатады. Сондықтан, бүгін сіздерге отандық кинематографтағы «жаңа бейнелерді» таныстыруды жөн санадық.


Морган Сеги

Морган – Қазақстанда ұзақ уақыт тұрып келе жатқан, жергілікті ділімізге үйренсе де, әрбір ұлттарға тән бояуын сақтап қалған табысты ресторатор. «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» картинасының авторлары нағыз француз азаматын іздеген кезде, таңдау дәл Морганға түсті. Морган мұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай да актерлік қызметін жалғастырады деп үміттенеміз.

 

Марсель Махмуди

Мұнай магнаты Махмұт Нәлібаевтың ұлы әрі әнші Сиви Махмудидің інісі актер болуды ұйғарды. Марсель арманын жүзеге асыру үшін өзі сценарий жазып, жоба шығынын өз қалтасынан өтеп, өз-өзін «Мажоры» атты фильмге түсірді. Он жеті жасар баланың нәтижесі сәтсіз болды. Алайда, бұл Марсельді енді кинодан көрмейміз деген сөз емес, дегенмен де жанұясында ақша көп қой.

 

Шәріфбек Зәкіров

Биыл күзде режиссер Алдияр Байрақымовтың «Шек» толықметражды дебютті фильмі жарыққа шыққан еді. Бұл картина өте сәтті, мағыналы болды. Ал басты рөлді сомдаушылардың бірі Шәріфбек Зәкіров өз рөлін жақсы алып шықты. Режиссерлар жас актерға назар аударады деп сенеміз.

 

Диас Әзімжан

Блогер, сценарист, жас режиссер әрі актер Диас Әзімжанов Нью-Йорк киноакадемиясында білім алып, магистр дәрежесіне ие болды. Болашақта «Шатырдағы бұлт» заманауи урбан-фэнтезиі арқылы оны ең алғаш рет үлкен экраннан көретін боламыз. Сол кезде дебютанттың басты рөлді қалай сомдайтынын байқаймыз.

 

Рамазан Амантай

«Қазақша кәсіпті» көргендер басты кейіпкер Жомарттың туысының бірі Еркошты есінде сақтап қалған шығар. Ол кезде жас актер Рамазан Амантай түрлі кейіпкерлердің киімін киіетін, ауылдан шыққан баланы сомдаған еді. Ал екінші бөлімде Еркош көбірек міндетті мойнына жүктеп, өзін толығымен көрсете білді.

 

Газрет Ержанов

Мінсіз тұлғалы Газрет биыл «Кинодан да артық» кинокартинасының көрермендерін ерекше қуантты. Асқар Бисембин дебютантқа әдемі, бірақ өзімшіл емес актерді сомдауды ұсынып, жеңіске жеткендей болды. Тартымды бейнесінен бөлек, Газреттің жүрегі кең, ол өте қарапайым жігіт. Ал ақпанда Ержановты «Таиландтағы демалыс» жаңа комедиясынан көре аламыз.

 

Ninety One тобы

Бұл жолы Q-pop жастар тобының толық құрамы жас актер есебінде танылды. Әрқайсысын жеке-жеке атап өтудің қажеті жоқ шығар, себебі өмірбаянға құрылған фильмде әншілер өздерін-өзі сомдады. Осылайша, топ құрамы сәтті дебют жасағандардың тізіміне енді. Негізі, жігіттердің ойдан ештеңе құрамай, өздерін сомдауы ұтымды болған сияқты, нәтижесінде топ мүшелері актерлік міндеттерін керемет алып шықты. Ninety One тобын басқа да фильмдерден көрсек, қуанатын едік!

 

Нурлан Сабуров

Стенд-ап жанрындағы дарынды әзілкеш биыл өзін үлкен кинодан сынап көріп, «Аға ма әлде неке ме» комедиясына түсті. Нұрлан қарындасының таңдауына қарсылық танытатын бес ағайындының бірін сомдады. Актер баспасөз конференциясында киноға түсуді армандағанын, бірақ лайықты жоба болмағандығын тілге тиек етті. Кейін, Ернар Нұрғалиевтің сценарийін оқып, бірден келісімін берген.

 

BN тобы

Тізімімізде тағы да бір музыкалық топ бар. Айдын, Альбина және Әлішер «Zor» спорттық драмасына түсті. Бірақ, картина нашар пікірге ие болды. Жастар өздерін әрі қарай кинематографта сынай ма, әлде поп-әнші болып қала бере ме, ол жағын уақыт көрсетер.

 

Темірлан Асылбеков

Биылғы наурызда «Барлығына еркектер кінәлі» комедиясы экранға шыққан болатын. Басты рөлдерді Данияр Алшынов, Тәуекел Мүсілім және вайнер Терри Тима сомдады. Бұл өзімшіл такси жүргізушін сомдаған Тиманың кинодағы алғашқы және әзірге соңғы рөлі болып тұр. Жалпы, Темірланның комедиялық дебюті жаман болмады, сондықтан болашақта басқа да фильмдерден көріп қалуымыз мүмкін.

Негізі, жас актерлар театр мен кинодағы кәсіби майталмандармен тең түсе алмауы мүмкін. Дегенмен, көпшілігі дарын мен еркіндіктің арқасында үлкен кинематографға бет алды. Біз барлығына сәттілік пен шығармашылық өрлеу тілейміз! Себебі, киноөндірісімізде жаңа әрі қызықты актерлар аз ғой.

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

10 января 2018, 18:45

Рамазан Амантай молодец! "I go to school-мен" фильмді қатырды)))

Дания Кузембаева

2 февраля 2018, 12:51

Газрет Ержанов такой красивый)

Мырзахмет

12 наурыз 2018, 23:43

Ну ребятам надо много трудиться, играть больше, новые фильмы на новый формат выпускать. И все будет в шляпе.

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер