È

Қазақстандық кинодағы 10 үздік КВН ойыншылары

Қазақстандық кинодағы 10 үздік КВН ойыншылары

8 қараша Көңілді тапқырлар клубының ресми емес мерекесі. біздің кинемотографта КВН-нен шыққандар аз емес. олардан жап-жақсы режиссерлер, продюсерлер және актерлер шықты. Бізд отандық КВН ойыншыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз және көңілді тапқырлардың қазір немен айналысып жүргендігі туралы білгенімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Гүлнар Сильбаева

Қазақа КВН құрама командасындағы дара ойыншы нәзікжанды қызымыздан бастасақ. Гүлнар Сильбаева кинода 2012 жылы дебют жасады. Ол «Одноклассники», «Базарбаевтар», «25-інші шақырым», «АйТи молодец» сериалдарында ойнады. Сильбаева сондай-ақ «Молоко, сметана, творог» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнады. Сымбатты Гүлнарды Асқар Ұзабаевтың жаңа «Гламур для дур» фильмінен көріп қалуымыз мүмкін.

Нұртас Адамбай

Кинематографта Нұртас өзін бірнеше қырынан сынап көрді. Өзгелердің фильміне ол тек актер ретінде қатысса, өз фильмдерінде Адамбай - режиссер, продюсер, сценарист және, әрине, актер. Мүмкін бұл коммерциялық таыбысты фильмнің құпиясы болар, өйткені оның фильмдері тәп-тәуір касса жинайды.

Асқар Ұзабаев

Клипмейкер болған Асқар өзінің алғашқы толықметражды фильмін Баян Мақсатқызымен бірге түсірді. Сол кезде, 2010 жылы, «Ғашық жүрек» фильмін қазақстандық көрермен жақсы қабылдады. Одан кейінгі сериалдары: «Вузеры», «Тракторшының махаббаты». Кейіннен ол «Жол» деп аталатын спорттық драма түсірді. Ол тек бірнеше жылдан кейін прокатқа шықты. Жақында еліміздің барлық кинотеатрларында Ұзабаевтың «Гламур для дур» деп аталатын жаңа фильмі көрсетіледі.

Нұрлан Қоянбаев

КВН-нен кейін Қоянбаев «Базарбаевтар» сериалына продюсерлік етті, сериалға тапқырлар клубының басқа да мүшелері қатысты. Қазір Нұрлан үлкен кинода өзінің дарынын шыңдауға кірісті. Биылғы жылдың жазында ол «Бизнес по-казахски» фильмінің бас продюсері болды және басты рөлдердің бірін ойнады. Алдағы жылдың көктемінде Нұрланды Асқар Бисембиннің новеллаларының бірі «Nauryz.kz» жобасынан көреміз.

Дәурен Айдарқұлов

Айдарқұлов кинода Асқар Бисембиннің «Свадьба на троих» фильмінде дебюттік рөлін ойнады. Қазақстандық режиссерлер мен продюсерлерге оның ойыны ұнағаны соншалық Дәуренді «16 қыз» фильміне түсуге шақырды. Одан кейін «Оралман из Питера» фильміндегі басты рөлдердің бірін ойнады, актер қатысқан тағы бір комедия енді шығатын «Гламур для дур».

Асқар Бисембин

Асқардың кинодағы жолы «Папины дочки», «Счастливы вместе», «Вузеры» және басқа да танымал жобалардың сценарийінен басталды. NYFA бітіргеннен кейін Бисембин «Свадьба на троих» фильмін түсірді.Кейінгі түсірген картиналары - «Әдел» және «Замуж в 30». Наурыз мерекесіне орай Асқардың «Nauryz.kz» жобасы жарыққа шықпақ. Аталған фильмдердің сценарийін Асқар Бисембин Николай Пакпен және Василий Земзюлинмен бірлесіп жазды.

Даут Шайхисламов

Даут та басқалар секілді өзінің кинодағы жолын сериалдан бастады. Нұртас Адамбаймен бірге ол «Побеге из аула» сериалына түсті. Сондай-ақ «Городские легенды» комедиялық сериалы болды, мұны «Большая восьмерка» компаниясы түсірген. Осы күзде «Женатики» деп аталатын тағы бір комедиялық сериал түсірілді, осы жобаға Шайхисламов продюсерлік етті.

Руслан Висингериев

Таксист Русик бәріне таныс. Танымал сериал YouTube-та Русланды бүкіл елге танытты. Көпсериалы жобадағы көңілді таксистің образы Нұрлан Мамакеевтің «Три лимона» деп аталатын толық метріне ауысты. Алайда Висингериевке басты рөл бұйырмады. Мүмкін осы жоба «Таксист Русикті» үлкен экранға шығарып қалар.

Сәбит Рахимбаев

Сәбит КВН-нің басқа да қатысушыларымен бірге бірнеше жыл бұрын «Большая восьмерка» компаниясын құрған болатын. Рахимбаевтың қоржынында келесі сериалдар бар: «Городские легенды», «Наша KZаша», «KZландия», «КазахStar». Енді міне, тағы да Даутом Шайхисламовпен бірге олар «Женатики» комедиялық жобасын шығармақ, сериал «31 арнада» көрсетілмек.

Нұрдәулет Шертім

Нұрдәулет алғаш рет «Базарбаевтар» сериалына түсті, бұл жоба қазақстандық көрермендер арасында танымалдыққа ие болып, 3 маусымға жалғасты. Кейіннен ол «Городские легенды» көпсериалы комедиясына қатысты. Жаұында Шертім «Женатики» сериалында кішкентай екі қыздың әкесінің рөлінде ойнады.

Өкінішке орай, біздің тізімімізде кинода жүрген барлық көңілді тапқырлар қамтылған жоқ. Олар кинемотографта батыл қадамдар жасап жүр, көпшіліктің назарын өздеріне аудару үшін мүмкіндіктерін сәтті пайдаланып, барынша тырысуда.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер