È

«Махаббат жайында 100 минут»: 100 минуттық далбаса

«Махаббат жайында 100 минут» фильміне пікірнама

«Махаббат жайында 100 минут» фильмінің қандай болатыны трейлерінен-ақ белгілі еді. Артынан постері пайда болғанда, тіпті анық бола түсті. Бірақ, кейде ішіңнен «мүмкін жақсы болатын шығар?» деп ойлайсың. Сол «мүмкін» деген үмітіміз ақталмады, 100 минут алтын уақытымыз Альмири Қарпықовтың дебютті картинасының көрсетіліміне босқа жұмсалды. Сондықтан, сіздер де уақыттарыңызды құр босқа кетірмес үшін, жұмбаққа толы осы картина туралы ірі спойлерімен қоса, толығырақ айтып берейін (түсірілімге кімнің қаржылай қолдау білдіргені ең үлкен жұмбақ).

«Махаббат жайында 100 минут» фильмі басты кейіпкер Миканың кадр сыртындағы мәтінімен басталады. Альмири Қарпықов фильмін көрсоқырлар қарайды деп ойлаған болуы керек, сондықтан кадр сыртындағы мәтінде 5 минут бойы барлық көрініс түгел баяндалады. Бұл қалжың емес. Мысалы «мен жүгіріп жүрмін, бұл әдет Америкадан бастау алды, мынау анам, әкем, апам және апамның жігіті, ал мынау менің құрбым, ол мені әуежайдан күтіп алуда...». Бұл кіші Қарпықовтың экспозициясы деп аталады. Негізгі және қосалқы кейіпкерлердің экран алдындағы іс-әрекетін бүкпесіз баяндау қисынсыз секілді.

Сонымен қатар, өмір бойы музыкамен айналысқысы келген Миканың бес жыл бойы Америкада экономист мамандығын оқып келуі, арманындағы жігіт Әнуарды кездестіруі де ақылға қонымсыз. Бірақ, Әнуардың жақсы көрмейтін қалыңдығы – Әнуар жұмыс істейтін банк қожайынының қызы бар. Банк бастығы қызының басты кейіпкерге тұрмысқа шыққанын қалайды. Себебі, ол ұрлық жасамайды. Ал Әнуар қаласа да, қаламаса да келіседі.

«Махаббат жайында 100 минут» фильмінде Альмири Қарпықовтың өзі қоюшы-режиссер болып қана қоймай, басты рөлді сомдады. Бір қызығы, Альмиридің өзі мүлдем ойнамайды (кейіпкері бүкіл фильм бойы бір ғана эмоцияны білдіріп өтті, құдды бір мұржасы жанып жатқан, бірақ шыны ыдысты қабылдайтын жер бір сағаттан соң ашылатын сияқты). Басқалары да дәл солай. Тіпті, Әзиз Бейшеналиев пен Айсұлу Әзімбаева секілді кәсіби мамандардың өзі «Махаббат жайында 100 минут» фильмінде ескі, төмен сатылы операдағы немесе кір жуу ұнтағының жарнамасындағы кейіпкерлер сияқты көрінді.

Басты кейіпкердің мотоциклшы досы туралы да айтпасақ болмайды, ол мотоциклмен келе жатып, ақырын ғана соғылып қалады. Тіпті, Әнуардан бөлек тұра алмайтын күйге түседі, бірақ досының қызымен сексуалды байланысқа түсе алады. Бір қызығы, екеуінің жақындығы бір демнің ішінде махаббатқа ұласады, нақтырақ айтқанда үйлену тойына дейін апарады.

«Махаббат жайында 100 минут» әлемінде басты кейіпкердің қарындасы да бар, оның негізгі міндеті Зайтуна Қарпықованың Альмири Қарпықов пен продюсер Абай Қарпықовтың жақын туысы екенін көрсету болғандай, айтпақшы ол конькиде керемет сырғанайды екен әрі қолшатырды уақытында алып шығуға шебер. Өз міндеттерін керемет атқарғаны соншалық, екінші емес, үшінші қатардағы кейіпкер болса да, оны фильмнің постеріне шығарып қойыпты.

Жалпы, мұндай басты кейіпкерлермен қатар, постерге әуе шарын (сөз орайында айта кетейік, ол афишаның бір нұсқасында бар) да шығарып қою керек еді. Фильм бойы Әнуар да, Мика да көрерменннің аяушылығын тудыратын ештеңе істеген жоқ.

Микада көнбістік бар, ол өз қалауы мен фобиясына, мүмкіндіктеріне қарамай, барлығымен келісе береді. Мысал ретінде, Миканың бірнеше диалогтарын ұсына кетейік (сөзбе-сөз емес, тек мағынасын бердік):

- Мика, сен ертең дайындыққа келуің керек!

- Келе алмаймын. Жұмысым бар.

- Сенсіз болмайды ғой.

- Жарайды, келемін.

- Мика, кеттік, ұшақпен ұшайық?

- Ұша алмаймын. Мен қорқамын.

- Мен сенімен біргемін ғой.

- Жарайды, кеттік.

- Мика, сені апарып салайын.

- Жоқ. Сенімен бірге бармаймын.

- Барыңыз, бойжеткен. Қазір жауын жауады (көрініс шайдай ашық аспанда болып жатады, кадрда күн сәулелері де бар, бірақ сценарий бойынша жауын жауу керек болған соң, ешкімді ол мазаламайтын сияқты)

- Жақсы, кеттік.

Оның үстіне сценарийі түсініксіз жазылған, соншалықты сюжет желісінің қажеті қанша, ешқандай мағына бермесе? Мысалы, анасы Микаға әкесінің жұмыссыз қалғанын хабарлайды, ал Мика отбасын асырау үшін банкте жұмыс істеуі тиіс. Мика банкке барады, оған құл секілді барлық шаруаны атқаратынын айтады, бірақ осы жақтан шарбаққа дейін ғана... болды. Әрі қарай Мика банктегі жұмысынан бөлек ,басқа да істермен айналысады (дәмханаларда отырады, қазақ үйге қонады, ұшақпен ұшады, ән салады, пианинода ойнайды, т.б.). Жұмысынан айырылған әкесі отбасын қаржылай қиындықтан құтқарудың орнына, кез-келген іспен шұғылданады. Оларда барлығы жақсы. Ешкім кедейленіп жатқан жоқ.

Мұның барлығы не үшін болды сонда? Басты кейіпкерлердің барлығы бір банкте кездесіп қалуы үшін бе? Әлде Әнуар мен Миканың келген қонақтарына галлюциноген ішкізіп, ұйықтататын дала философымен жолығуы үшін бе?

Фильмдегі шиеленістің мән жоқ. Жігіт үйленетінін айтқаннан бастап, Мика мен Әнуардың махаббат хикаясы аяқталады. Кейін екеуі әуе шарымен ұшуға қамданып жатқан философты шығарып салу үшін жазық далада кездесіп қалады. Басты кейіпкер жігіт кешірімге ие болу үшін ештеңе де істеген жоқ.

Есесіне, көріністер әдемі. Мика мен Әнуар бір-біріне күлімсіреп қарайды, философ Зүбаржат қаласыне емес, Неверлэндке емес, қойлар мен балалар (кімнің және қайдан шыққаны белгісіз) жүрген жайылым бойымен ұшып жүреді.

Альмири Қарпықов мұның барлығын «мысқылды кино» деп атайды. Кекесін қайда? Актерлардың ойнамағаны мазақ па? Әлде дыбыстауы кейіпкерлердің артикуляциясымен сай келмегендігі ме? Есе сақталмайтын үш әнде ма? Немесе оқиғаның бір-бірімен байланыспайтындығында ма? Әлде рандомды түрде қойылған кадр сыртындағы мәтінде ме?

Алайда, «Махаббат жайында 100 минут» фильміне қатысты басты сұрақ жауапсыз қалатын сияқты: Қарпықовтар жанұясы «керемет жаттығуды» не үшін айналымға беруді жөн санады екен?

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер