È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірнамалар
  • Өзен метафорасындағы әйел бейнесі

Өзен метафорасындағы әйел бейнесі

  • 31 Тамыз
  • Brod.kz
  • 101
  • 0
Өзен метафорасындағы әйел бейнесі

Режиссер Кристина Михайлованың «Сны реки» дебютті фильмі ішкі үнді сыртқа шығару әрекеті. Қазақстан, Швейцария және Ұлыбританияның бірлескен өндірісінде түсірілген бұл деректі фильм жас әйелдердің өз тәжірибесін тікке айтуынан гөрі, оны өзенге сіңіріп, ағысқа аманаттауын көрсетеді. Картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды және қазақстандық фильм ретінде алғаш рет Berlin International Film Festival аясындағы Forum Special бағдарламасында көрсетілді. Бұл марапат әдетте адам болмысының рухани салмағын, ар-ождан мен жауапкершілік мәселесін көркем тілмен қозғай алған туындыларға беріледі. Кристина Михайлованың фильмі дәл осы тұстан табылады - ол әлеуметтік мәлімдеме жасаудан гөрі, жанның жарасын тыңдауға бейім.


Фильмнің баяндау желісі Ақсай өзенінің арнасымен бірге қозғалады. Биіктегі мөлдір, тентек ағыстан басталған су төмен түскен сайын адам тіршілігімен араласып, лайланып, тат басқан құбырлар мен қоқысқа ұрынады. Камера да дәл солай кейіпкерден кейіпкерге өткен сайын су түсі қоюланғанына назар аудартады. Табиғат пен адамның түйіскен жерінде пайда болған тот - экологиялық апаттың, жиналған тәжірибенің, үнсіз қалған жарақаттың ізі. Фильм басындағы автор көрген түс те сол таттың алғашқы реңкіндей: бір қарағанда тылсым, бірақ ішінде мазасыздық бар. Экспозиция кадрдан тыс монологтан басталады. Автор түс көреді. Кадрды қаптаған қызғылт-сары кеңістік жер бедерін еске салатын, бірақ бөтен ғаламшарға ұқсайтын пейзаж. Дененің салмақсыз қалқуы, жоғарыдан түсірілген ландшафттардың ғарыш шаңындай көрінуі ерекше эстетикалық шешім. Мұнда космогониялық ишара бар: су- бастау, ал түс - сол бастаудың есігі. Түс арқылы сана бейсаналыққа өтеді, ал бейсаналық жеке адамның емес, ортақ қабат. Зигмунд Фрейд айтқан ұжымдық бейсаналық ұғымы осы жерде кілтке айналуда: фильмдегі түстер мүмкін тұтас ұрпақтың ішкі архетиптері. Су - сол архетиптің формасы.

Режиссердің өзі бір эпизодта фильм атауына қатысты ой қозғайды: неге «Сны реки»? Түс бейсаналықтағы сергектік формасы ретінде жұмыс істейді. Яғни, адам ұйқыда жатқанымен, ішкі әлем ояу. Осы логика өзенге көшірілгенде өзен тірі ағзаға айналады, субъектілікке ие болады. Ол географиялық нысан, әрі есі бар, есінде сақтайтын, жауап беретін болмыс. Фильмдегі әйелдер өздерін өзенмен теңестіреді. Ол бірде ашулы, бірде баяу, бірде тұнық, бірде лай. Фольклорда өзеннің феминді табиғаты жиі аталады: ол -бастау, туу, тазару, бірақ сонымен бірге тасқын мен жойқын күш. Құрылысшылардың өзенді «жуасытуға болады» деуі әйел табиғатын бағындыруға болатын күш ретінде қабылдаудың көрінісі. Мұнда патриархалдық дискурс пен табиғатты игеру логикасы астасып жатыр. Фильмнің құрылымы поэтикаға жақын. Мағына дәлел арқылы емес, атмосфера арқылы түзіледі. Ассоциативті монтаж, баяу ырғақ, перформативтік элементтер барлығы көрерменді рационал талдаудан гөрі сезімге жетелейді. Кейіпкерлер кейде камераға тік қарап сөйлейді, кейде дауысы кадр сыртынан естіледі. Бұл куәлікке құрылған баяндау тәсілі. Автордың өзі де сырт бақылаушы емес сұрақ қоятын, диалогқа түсетін, кей сәтте фильмнің кейіпкеріне айналады. Осы қатысымдылық фильмді ортақ тәжірибеге айналдырады.

Фон мен кейіпкер арасындағы байланыс «Сны реки» фильмінде кездейсоқ емес. Әр әйел тұрған кеңістік оның ішкі күйінің жалғасы іспетті. Бірі үйінің алдында, бірі табиғат аясында сөйлейді. Ең айқын эпизод секс-активист әйелдің сөзі. Ол өз миссиясы мен әйел денесінің дегуманизациясы туралы айтқанда, артында раушан гүлдері жайқалып тұрады. Раушан әдемілік пен жарақаттың қос бейнесі ретінде жұпар иісті әрі тікенді. Әйел де. Қоғам оны бір мезетте тұтыну нысанына айналдырса, сонымен бірге «таза», «мінсіз» болуын талап етеді. Гүлдің эстетикасы мен тікенінің жасырын қаупі кадрда қатар өмір сүреді.

Өзен бастауда әрдайым мөлдір. Бірақ фильм ілгерілеген сайын су лайланады, қызғылт-сары тат айқындала түседі. Кристина Михайлова су тасқыны мен қуаңшылық хроникаларын енгізе отырып, табиғаттың адам әрекетіне жауабын көрсетеді. Алайда негізгі мәселе кеңірек: жан экологиясы. Егер өзен кейіпкер болса, онда оның ластануы әйелдердің жан дүниесіндегі жарақаттардың метафорасы. Су қалай құбырлар мен қалдықтарға толса, адам жаны да үнсіз зорлыққа, қорлануға, қабылданбауға толады. Фильм басындағы түс мүмкін, сол ластанудың алдын ала сезілуі. Космостық шаңға ұқсаған пейзаждар - ыдыраудың да, қайта жаратылудың да белгісі. «Сны реки» деректі киноның шекарасын кеңейтеді. Режиссер әлеуметтік зерттеуді поэтикалық тәжірибеге айналдырады. Өзен ағып жатыр, әйелдер сөйлеп жатыр, ал камера олардың арасында үнсіз тыңдаушы. Су лайланғанымен, ағыс тоқтамайды. Автор дәл осыны басты үміт ретінде қалдырады. Рухани және этикалық салмақ осында: табиғатты да, жанды да тазарту сырттан емес, іштен басталады.

 

Ғайша Аманжол

Киносыншы

Оцените рецензию

  • 31 Тамыз
  • Brod.kz
  • 101
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Венера Нығматулина

Актриса

Санжар Мәди

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама