È

«Кинодан да артық»: Ха-ха ленд

«Кинодан да артық» фильміне пікірнама

«Ла-Ла Ленд» әлем кинематографшыларына тыныштық бере емес. Өзіміздің отандық киноқайраткерлер де тыс қалмады: Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» картинасы - Дэмьен Шазеллдің шедевріне қайтарған жауабымыз.

Өз киносын түсіруді армандаған жас режиссердің хикаясы бұл, оның бюджеті де, актерлары да жоқ. Кейін, шарасыздықтан телевизиялық балалар шоуына жұмысқа тұрады, сол жақта арманын жүзеге асыруға тырысады. Оған балалар бағдарламасының түсірілім тобы және осы жақта атқарушы продюсер болып жұмыс істейтін бұрынғы сүйіктісі көмектеседі.

Фильмге белгілі адамдар түсті: басты рөлдерде Данияр Алшынов және Аружан Жазылбекова. Қосалқы рөлдерде Дәурен Айдарқұлов, Жания Джуринская, Әбунасыр Серіков және бұрынғы КТА ойыншылары. Тіпті, Ақан Сатаевтың күлкілі сәті бар.

Барлығы өз жұмыстарын ойдағыдай атқарып шықты, әсіресе Алшынов пен Жазылбекова. Екеуі еліміздің тамаша актерлары екенін тағы да дәлелдей түсті.

Оператор мен режиссердің де жұмысын атап өтейік, себебі фильм өте жарқын, ашық, қызықты әрі күлкілі болып шыққан. Картинаның ең маңызды бөлігі - күлкілі болғандығында. Бұл ең алдымен комедия ғой, ал Бисембин драмадан гөрі, күлкілі көріністерді жақсы түсіреді.

Бұл - ешқандай астамшылықсыз, мәселесіз түсірілген жеңіл кино. Кейіпкерлердің барлығы қарапайым, оқиғалар да мағыналы әрі түсінікті. «Кинодан да артық» мюзиклге ұқсайды, кейіпкерлер кейде ән салады. Бірақ, тезірек ән айтып болғандары қандай жақсы болған, себебі ән салғаннан гөрі, күлдіру қолдарынан жақсы келеді.

Мұнда үлкен драма жоқ, бұл жарқын сезімдерді оятатын жеңіл кино екенін тағы да айта кетейік. Махаббат, арман мен үміт хикаясы. Жалпы, «Ла-Ла Ленд» секілді, тек қазақи мәнері бар.

Жыл басында КТА Жоғары Одағындағы бір ойында Астаналық «Спарта Номад» командасы «Ла-Ла Ленд» бағытында жасалған музыкалық тапсырмасымен елдің барлығын таң қалдырған еді. Қазақтар өз нөмірін «Ха-Ха Ленд» деп атады, ал көрсетілім шынында да қызықты әрі әдемі болып шықты. Бұл фильм де дәл сондай.

Биылғы жылы комедиялардың жолы аса бола қоймады, себебі көпшілігі сәтсіз шыққан еді. Ал Бисембиннің жұмысы солардың арасында ерекше әрі сәтті болып көрінеді.

«Кинодан да артық» - әр алуан талғамы бар түрлі жастағы көрермендерге ұнайтын жақсы комедия.

Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көруге болады.

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

 

«Бродвей» редакциясы «Кинодан да артық» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema компаниясына және Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 23:14

Звучит не больше, чем кино, а только массовка и как Ла-Ла-ленд в культурной форме.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер