È

«Еуразия»: Постскриптум

«Еуразия»: Постскриптум

Өткен аптада Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі болып өтті. Жеті күн ішінде халықаралық қазылар алқасы, шетелдік қонақтар, журналистер мен қарапайым көрермендер негізгі байқау бағдарламасына енген 13 картинаның және байқаудан тыс көрсетілген 200 фильмнің куәсі болды.

Көптеген отандастарымыз байқауда көрсетілген жалғыз қазақстандық картина - Сәбит Құрманбековтың «Оралман» драмасының фестивальдің «Гран-при» жүлдесін иеленгеніне шын қуанды. Фильм ондаған жылдар бойы ауған ауылында тұрып, туған жеріне оралған қазақ отбасы туралы баяндайды. Ал кәсіби ортада бұл шешім қызу талқыға түскен еді.

Байқау бағдарламасының тұрақты көрермендері мен журналистер «Гран-приді» Борис Хлебниковтың «Аритмия» картинасына беру керек деп ойлаған. Патриоттық сезімді ысырып қойсақ, драматургия, кейіпкерлері, диалогы мен тарихы жағынан Хлебников картинасының отандық фильмнен әлдеқайда жоғары тұрғанын көруге болады.

«Оралман» фильмінен көрініс

Әрине, «Оралман» қазылар алқасының жүрегі мен ақылын көркемдік шешім арқылы жаулап алғанын ескеруге болады. Бірақ, дәл осы тұрғыда «Анарлы бақ» әзірбайжан картинасы мен вьетнамдық «Жолды бекет» фильмі жақсы көрсете білді.

Осылайша, картинаның айтар мәселесі қалып отыр. Негізі, жергілікті халыққа «оралман» сөзі жақсы таныс. Сондықтан, «Оралманның» гран-при алуы көп сұрақ туғызады.

Үздік режиссура үшін жүлде алған Ақтан Арым Құбаттың «Кентавр» фильмінің төңірегінде де біраз сұрақтар туындайды. Әрине, картина өте қызықты, дегенмен автордың біреуді қайталағанын айта кетейік. «Кентавр» «Свет-акеге» қатты ұқсайды, құдды бір егіз ағайындылар секілді. Менің ойымша, бұл атауға Нана Эквтимишвили мен Саймон Гросстың «Менің бақытты отбасым» грузин драмасы лайық секілді. Бір қызығы, Гросс пен Эквтимишвили дуеті бірнеше жыл бұрын Ақтан Арым Құбат секілді «Еуразияның» «Гран-при» жүлдесін иеленген болатын.

«Менің бақытты отбасым» (Грузия) фильмінен көрініс

«Үздік ер азамат рөлін» «Анарлы бақ» әзірбайжан картинасында ойнаған Құрбан Исламов жеңіп алды. Ол «Аритмиядағы» Александр Яценко, «Менің бақытты отбасымдағы» Мераба Нинидзе және «Оралмандағы» Дулыға Ақмолда секілді мықты қасрыластарының арасында лайықты жеңімпаз атанды.

«Үздік әйел рөлі» номинациясына қатысты ғана ешқандай сұрақ жоқ. Басынан-ақ, грузин актрисасы Ия Шуглиашвилидің керемет ойналған терең образы бірден тамсантқан еді.

«Тағы бір күн» фильмінен көрініс

Негізгі жүлделерден бөлек, «Анарлы бақ» пен «Жолды бекет» картиналарына қазылар алқасының арнайы жүлдесі бұйырды. Кімге және не үшін бергені белгісіз, әйтеуір ұсынды ғой.

Ең соңында, фестивальдің ақпараттық серіктесі - «Хабар» телеарнасының ұсынған жүлдесі туралы айта кетсек. Тек қана қазақстандық кинолар көрсетілетін «Ел арна» жаңа арнасының өкілдері («Хабардың» еншілес кәсіпорны) өздерінің жеңімпаздарын анықтап, Виталий Кистановтың «Тағы бір күн» фильміне жүлде табыстады. «Хабар» өзінің жеңімпазын «бір көргенге» бере салғандай болды. Оның қасында, «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» картинасы әлдеқайда жақсы еді ғой.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

11 тамыз 2017, 10:44

Жалко Малковича не стали наряжать в чапан

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер