È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірнамалар
  • «Еуразия» кинофестивалі: «Бір күн»

«Еуразия» кинофестивалі: «Бір күн»

  • 28 Шілде, 2017
  • Мадина
  • 1 859
  • 0
«Бір күн» фильміне пікірнама

«Еуразия» кинофестивалінің байқау бағдарламасы тосын сыйлар мен күтпеген жағдайларға толы. Мысалы, биылғы жылы байқауда корей киносы, атап айтқанда Ли Юн-гидің «Бір күн» фэнтези мелодрамасы мүлдем басқа бағытта көрсетілді.

Жақында ғана әйелінен айырылған сақтандыру компаниясының жас қызметкері Кан-су жол көлік оқиғасын зерттеу туралы тапсырма алады. ЖКО нәтижесінде көзі нашар көретін Ми-со аурухана төсегіне таңылады. Кан-су алдымен ауруханаға барады да, сол қыздың елесін көреді. «Бір күннің» кейіпкерлері бірге алыс саяхатқа шығады. Ең соңында Кан-су көзі нашар көретін қыздың қалайша жолға таяқсыз жалғыз шығып кеткенін білетін болады.

Ли Юн-гидің шығармашылық өмірбаянында фестивальға бағытталған бірнеше жұмыстары болған, тіпті солардың біреуі Берлинале байқауына өткен. Сондықтан, режиссердің «Еуразияда» «Бір күн» фильмін таныстырғаны қызық болып тұр. Өйткені, картина әйелдер қауымына бағытталған әдеттегі мейнстримді мелодрама ғой.

Жалпы, жанрлығы Ли Юн-гидің жұмысын құртып тұрған жоқ. Керісінше, «Бір күн» картинасы – қарапайым әрі әдеттегі хикаядан әдемі, поэтикалық кино түсіруге болатындығының дәлелі. Фильмнің шолу бөлімін картинаның ең мықты құрамы деуге болады. «Бір күннің» жалғыздық пен өлім жайындағы сюжетіне қарамастан, фильм өзінің жарқын бояулары арқылы көрермендерге үміт сыйлайтындай.

«Бір күн» картинасының артықшылығы – әмбебаптылығында. Картина авторы эклектикаға, жергілікті немесе фестивальды жағдайға аса назар аудармаған. Сондықтан, болашақта Азия немесе Еуропа елдері кинематографистерінің түсіруімен фильм ремейктері пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, картинаның негізгі құралы - басты рөлді сомдаушылардың, корей киносы мен телевидениесінің жұлдыздары Нам-Гиль Ким және У-Хи Чхонның керемет еңбегі. Актерлар арасындағы байланыстың арқасында фантазиялық көріністерге қарамастан, экранда болып жатқан оқиғаларға кәдімгідей сенесің.

Әрине, картинаны кемшіліксіз деуге де келмес. Ли Юн-ги мелодраматизмді тым асырып жіберген секілді, соның әсерінен ауру балақай мен әкесі екеуінің көріністері ұзаққа созылып кетеді. Олар баланы аман алып қалу үшін сақтандырушылармен қулыққа барады. Мұндай спекуляция телевизиялық хикаяларға тән. Ал драмада өлім аузында жатқан қыз бен қайғырып отырған жігіт көрінісі арзандау көрінеді.

Оның үстіне, музыкалық эпизодтар да шектен тыс қолданылған, режиссер осылайша бос жерлерді толтырған сияқты. Музыка әдемі мелодияларға қарамастан, қандай да бір мағынаны бере алған жоқ.

«Бір күн» фильмінің «Еуразия» фестивалінде жеңіске жету мүмкіндігі аз секілді. Картина «Гран-приден» үміттене алмайды. Тек У-Хи Чхон «Үздік әйел рөліне» ілігуі мүмкін, дегенмен байқауда екі мықты үміткер бар.

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

  • 28 Шілде, 2017
  • Мадина
  • 1 859
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама