È

«Мажорлар»: Мажор-минорлы ауытқушылық

«Мажорлар» туралы пікірнама

Заманауи қазақстандық киноға қарап, әлі де 90-жылдардың қылмыстық кезеңінде өмір сүріп жүргендей күй кешесің. Айтпақшы, тағы да тойлар мен мерекелер, Тараз бен еліміздің басқа да қалаларына саяхат жасайтын келіндер туралы комедиялар да бар екен ғой. Бірақ, ол бөлек әңгіме.

Марсель Махмуди, Еркін Губашев пен Жәнібек Ғұсманов түсірген «Мажорлар» атты жаңа жоба жалпы ағыннан өзгешелене алмады, қылмыс пен жемқорлық, таныс секілді жауыр болған тақырыптарды қозғады. Оның үстіне, бай балаларының өмірін көрсету қызықты емес пе? Бірақ, авторлар жақсы кино түсіреміз деп тырысқанымен, картина әдеттегідей болып шықты.

Сонымен, басталуын айтып өтейік. Зейнеткер Серік әйелімен бірге ескі «Жигули» көлігінде қыздары Қымбаттың Алматыдағы медицина университетіне өз күшімен оқуға түсе алатыны-алмайтыны жайында әңгімелесіп келе жатады. Кенеттен, қауіпті жартасқа жеткенде, көлік аударылып кетеді де, жарылады. Көрініс Алматы қаласына ауысады. Бұл жақта зейнеткердің бай досы Мәлік әйелі Жанармен және ұлдары Марсельмен (Марсель Махмуди) бірге тұрады. Балалары мектеп бітіріп, жақында Мальтаға оқуға аттануы тиіс. Әзірге, Марсель түнгі клубтармен қыдырып та, ата-анасын тыңдап та үлгереді. Оның достары – байдың салмақты баласы, боксшы Бага (Әнуар Талғатов) және топтағы ең бұзық жігіт Даник (Бахтияр Байсерік), барлығы үнемі бірге қыдырып жүреді. Бір күні Даниктің көк түсті қымбат пенжекті алуға ақшасы жетпей қалады. Кейіннен сол киімді Марсельдің үстінен көреді. Марсель сол кеште Кәмила есімді сұлу қызбен танысады (авторлар байдың балалары қызбен оңай танысатынын көрсеткісі келсе керек). Даникте «Неге барлығы Марсельге беріледі екен?» деген сұрақ туындайды.

Сюжет мазмұнын ұзақ айта беруге болады. Бірақ, болып жатқан оқиғаның негізгі айтар ойын түсіну үшін техникалық жағына мән беру керек сияқты. Алғашқы 10 минуттан кейін және картина соңына дейін көрермендерді субъективті камераның түрлі әдістерімен алдайды. Негізі, ақылды кино түсірушілер мұндай әрекетке бара бермейді (әрине, егер ол жанрдың арнайы тәсілі болмаса), демек, оператор штативін жоғалтып алған шығар, сондықтан бүкіл уақыт бойы камераны дірілдеген қолдарымен ұстап тұрғандай... Жалпы, сол адамның басы дауға қалған сияқты.

Монтаждаушының да жұмысы осал. Ол көріністерді біртүрлі қосып тастаған. Өйткені, кейіпкер бір секундтың ішінде киімін ауыстырып немесе жағылған қаннан арылып үлгереді. Тіпті, өлім аузында жатқан адамның әп-сәтте құлан таза айығып кетуі фантастика сияқты. Ал авторлар титрға «үш жылдан кейін» деген сияқты сөздерді жазғанда, әлдеқайда түсінікті болар еді.

Сюжеті керемет енді. Көрермен фильмнің тең жартысынан қымбат көліктерді, дүкендерді, үйлерді тамашалай алады. Ал екінші бөлігінде жазық далада аттармен қыдырып жүрген жастарды көреді. Осы көріністердің арасында түсініксіздеу әңгімелер құрылады. Мысалы, Мәліктің қарт досы мен басты кейіпкерлер ауылда дәл төмендегідей әңгімелесті:

Жылқылармен серуендеп қайтсаңдар болады.

Бұл жақта аттар бар ма не?

Осылайша, құрбы қыздар мен жігіттер жасанды, жаттанды кейіппен сөйлеседі. Бұдан шығатын қорытынды, «Мажорлар» драмадан гөрі фантастикаға жақынырақ. Жалпы, жанр жобаның шиеленістіретін басты бейнесі секілді.

Әсерлі шыққан көріністердің арасында тағдырдың қалауымен болған кездесулер, кейіпкерлердің қажетті жерде дер кезінде болуы, ғажайып сиқырдың күшімен орын алған жағдайлар бар. Қосалқы кейіпкерлер қалай пайда болды, солай тып-тыныш жоғалып кетеді. Содан кейін, «Кіндік әке» мен «Танысып қойыңыз, Ибалы» фильмдерінен қайталанатын көріністер қуантады. Иә, мұндай әрекеттерді жасауға болады екен. Бірақ, бұл соншалықты қажет пе? «Мажорлардан» бір желіге құрылған көріністерді алып тастаса, тіпті керемет болар ма еді...

Негізі, жоғары айтылғандарға қарамастан, «Мажорлар» фильмінде нағыз аспект бар. Бұл – актерлік ойын. Толық метрде дебют жасаған Бахтияр Байсерік жақын арада салмақты жұмыстарымен басқа картиналарда көрінбек. Жастардың арасында өз рөлін тамаша ойнап шыққан - Әнуар Талғатов. Ал тәжірибелі Михаил Токарев, Сиви Махмуди өздерінің актерлік ойындарымен жобаны әрлей түсті. Бірақ, ең үздік актриса ретінде кішкентай Дина Манарды атауға болады.

Жалпы, актерлік ойынға ғана назар аударып, luxury-брендті жарнамалар бағытындағы бейнекөріністер мен табиғат аясындағы әдемі роликтерді ғана көретін болсақ, «Мажорлар» ұнауы мүмкін. Ал егер де сюжетін өзіңіз әрі қарай дамытып, терең ойланатын болсаңыз, онда картинадан ләззат аласыз.

Киноға Альберт Ахметов барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер