È

«Бөлінбейтін»: Шиеленіскен түйінді шешу

«Бөлінбейтін» фильмі туралы пікір

Оқиға біздің көз алдымызда болады. Уақыт өтіп жатыр, шежіре жазылуда. Қазір қандай жағдай өтіп жатса да – барлығы маңызды. Интуитивті немесе саналы түрде заттардың және адамдардың жағдайын анықтап үлгерген кез-келген суретші бізге қажет. Оның үстіне, назар аударуға тұрарлық. Осындай суретшілердің бірі - «Бөлінбейтін» дебютті фильмін түсірген Олжас Ахметов, оның картинасы ерекше сезімдерді тудыруға себеп болды. Егер адам баласының, қоғам мен кинематографтың сатысы төменде болса, бір дүние жасау мағынасыз болар еді. Ондай нәрсеге жәй ғана көз қырыңды салып қоясың. Болып жатқан оқиғаны жазып аласың. Ал жас режиссер Ахметов «Бөлінбейтін» фильмін таныстыра отырып, өз жұмысын (хикаясы да, формасы да) тамаша орындап шықты. Ол туынды арқылы еліміздің, киноның жағдайын жақсы суреттеп берді. Оның жақсы немесе жаман екені - екінші сұрақ. Ол енді тарихшылардың, соның ішінде, кино тарихшыларының міндеті болып табылады.

«Бөлінбейтін» камералы фильм. Бір ғана жерде өтетін мұндай фильмдер қазіргі таңда көптеп түсірілуде. Бүркіттің «Апаны» және Нұртас Адамбайдың жақында жарыққа шығатын «Жеделсатысы» да осындай. Әрине, бұл тенденцияны белгілі бір деңгейге шығару оңай, мұндай кішігірім кеңістіктер қоғамымыздың айнасы іспетті. «Бөлінбейтін» фильмінің сценаристі Дарын Тоқтаров заманымыздың үш негізгі кейіпкерін анық тапқандай – фильмде негізгі он кейіпкер бар – екі милиционер, үш қарақшы, бір күзетші, дәмхана иесі, даяшы, екі ғашық. Құдды бір нағыз өзекті мамандықтар статистикасы дерсің. Барлығын байланыстырып тұрған ақша ғана, ол еліміздегі азаматтарды рухани, қаржылық, физикалық тұрғыда біріктіреді. Әрине, Ахметов пен Тоқтаровтың нұсқасы бойынша осылай. Негізінде «Бөлінбейтін» Ержанов пен Байғазиннің фильмдерінен қауіптірек, себебі барлығын нақты, анық көрсетеді. Фильмді көре отырып, барлығын түсінесің. Біз жайында да, фильм кейіпкерлері туралы да айтылады.

Бір қызығы, бұл - Ахметовтың дебюті. Ол өз ақшасын жұмсады (режиссердің айтуынша, жүз мың доллардай кеткен). Оның фильм түсіріп, қаржыландырып, айналымға шығаруы – ғажайып қой (ғажайып әр түрлі болады), біздің заманымыздың оңды тұсы осы.

«Бөлінбейтін» Қазақстан кинематографындағы біраз олқылықтардың орнын толтырды. Бұл тек қылмыстық комедия жанрында ғана түсірілген жоқ. Мысалы, картинаны отандық кинематографшылар назарынан тыс қалған балалар кинематографына да жатқызуға болады. Фильмнің айтар ойы көп, бұл балалар психологиясының дамуына септігін тигізеді. Сценарист қарапайым тілмен ненің жаман, ненің жақсы екенін түсіндіреді. Саусақпен... Саусақтардың рөлін фильм кейіпкерлері ойнайды. Ал фильм соңындағы қан-жосаға мән бермеңіздер, қазіргі балалар голливуд картиналарынан одан да зорғысын көріп жүр ғой. «Бөлінбейтін» фильмін көре отырып, балалар ойланады әрі күлкіге қарық болады.

 

 

Киноға Бағлан Құдайберлиев барды

 

«Бродвей» редакциясы «Бөлінбейтін» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Alaman Film және School Five Experience кинокомпанияларына, Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 23:14

Ну комедия и все включено. Нельзя и посмется и поплакать, а только одна радость от актеров.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер