È

«Ninety one»: 91 көпшілікке қарсы, немесе Жарқын жандар бір нәрсені бастаса, жеңіске жетеді

«Ninety one» фильміне пікірнама

Комедиялардан шаршаған Асқар Ұзабаев бұл жолы драма түсірді, ол еліміздің түрлі қалаларында концерттері болмай қалған «91» тобының хикаясын негізге алды.

Фильм болашақ аудиторияны шығармашылығымен жаулап алуға тырысқан топ мүшелерінің хикаясын және аяқ-астынан ұлтшылдардың сынына ұшыраған уақытын баяндайды. Картинаның алғашқы жартысында бойз-бэнд стилінің қалыптасуы, репертуар таңдауы көрсетіледі. Ал екінші бөлімінде Ninety one тобының хейтерлермен қақтығысы баяндалады.

Бұл тұрғыда фильм шындықтан аттап кетпеген. Расында да, топтың атына түрлі күйелер жағылды, жігіттерді қыздармен салыстырып, оғаш жыныстыларға жатқызды. Олардың концерттерін болдырмау туралы хаттар жазылды, түрлі жағымсыз пікірлер айтылды. Қарсы келген қоғам өз әрекеттері арқылы Қазақстанды әлеуметтік тапқа бөліп жібергендей болды.

Дегенмен, топ жанкүйерлері фильмнің шынайы оқиғаларға негізделгенін, бірақ соңына дейін солардың жолын ұстануы тиіс емес екендігін түсінулері қажет. Шынтуайтына келгенде, бұл деректі хроника емес қой, бұл көркем кино, ал көркем фильмде міндетті түрде жанрға тән бөліктер кездеседі.

Артықшылығы:

Жалпы, фильм жақсы шықты. Бұл ең керемет мелодрама болмаса да, оның мазмұны жақсы, логикалық дамуы мен заңды соңы бар. Картинаның ең алдымен, сүйікті кейіпкерлеріне бір қарау үшін жолындағының барлығын жайпап салатын «91» жанкүйерлерінің арқасында көлемді касса жинайтыны сөзсіз.

Топ мүшелерінің актерлары жақсы өнер көрсетіп шыққандықтан, олардан сескенбейтінің секілді.

Операторлық жұмыс та тамаша атқарылған, бірақ кейде түсірілім стилі мен көрініс ішіндегі көңіл-күй Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмін еске түсіреді.

Хронометражы көрермендерді жалықтырмайды.

Картинаның кемшіліктері туралы:

Фильмнің біраз үстіртін түрде болғандығы және хикаяны соңына дейін аша алмағандығы үшін режиссерге айып тағу керек сияқты. Кейбір сюжет желілері шала құрастырылған.

Фильмдегі продюсердің әйелі мен көмекшінің рөлі түсініксіз. Кейіпкерлер толық ашылмады.

Фильмге динамика жетіспейді. Көптеген сахналық көріністер тым ұзақ әрі түсініксіз – осылайша хронометражды созды ма, әлде бұл режиссердің ойы ма, белгісіз.

Бірақ, «Ninety one» фильмін көргеннен кейін, одан әрі зерттей түсіп, фильмнің не жайында екенін түсінгің келеді. Байопик жас поп-топ туралы тікелей түсірілген бе? Мүмкін, әлі еңсере алмай келе жатқан елдегі бөліну туралы сөз қозғалған шығар? Анна тілдерінің көсегесін көгертіп жүргендей көрінетін ақылды әрі жас жігіттердің танымалдылығы шынайы өмірде «тесілген құлақ пен боялған шаш барлық оңды бастамаларға қарсы келеді» деп есептейтін кейбір адамдардың ашуына тиіп жатыр емес пе?

Адамдар үнемі біреуді жек көріп жүреді, бірақ ашу-ызаның не себепті туындап жатқанын ойлағысы да келмейді. Үсеновшілділік, жемқорлық, әділетсіздік, ертеңгі күнге деген сенімнің жоқтығы – бұл туралы ойлаудың өзі қиын, одан да бар ашуды көз алдыңда тұрған нәрседен: тым қысқа белдемшеден, боялған шаштан, жарқын киімнен, жалпы топтан ерекшеленіп жүргеннің барлығынан алу оңайырақ. Осы тұста, түсініксіз әдепке үйретушілік, екі жақты стандарттар мен қара дүрсін патриоттыққа сүйену байқалады. Мұнымен қалай күресуге болады? Әзірге толық жауап жоқ. Тек уақыт өте келе барлығының түзеліп, адамдардың ашу-ызаны ысырып қойып, бір-бірімен ортақ тіл табысатынына сенеміз.

 

Киноға Варвара Литвинова барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса