È

«Уәде»: Уәде бермеймін деп уәде беріңізші

 «Уәде» фильміне пікірнама

Дүниежүзілік соғыс кезіндегі жеке халықтарға бағытталған соғыс тақырыбы – кинематографистер үшін ұтымды тәсіл. Кез-келген жағдайда көрермен кейіпкерлер үшін алаңдайды, солармен бірге қиындықтармен күреседі. Ең соңында тарихи оқиғаның әсеріне бөленеді. Тек санаулы авторлар ғана тарихи элементтерден құралған оқиғаны сапалы етіп түсіре алады. «Уәде» фильмінің режиссері Терри Джордж осы ерекшелікті көруге тырысып бақты.

1914 жыл. Микаэл Погосян Саров түрік қаласында тұрады, ата-бабасынан мұраға қалған дәріханада жұмыс істейді. Кейіннен дәрігерлік мамандығын оқуға Константинопольге барады. Оның отбасында оқуға төлейтін ақша болмайды. Сондықтан, ауылдасы Маралға үйленіп, оның жасауын пайдаланып қалу қажет. Микаэль түрік астанасына келіп, ағасы Месроптың үйіне тұрақтайды. Ол жақтан Анна Кисарянды кезіктіреді. Анна – американдық журналист Крис Майерспен (Кристиан Бэйл) еркін қарым-қатынаста жүрген суретші әйел. Ақырында, махаббат үштігі пайда болады. Бірақ, Түркия аяқ астынан Бірінші дүниежүзілік соғысына қатысады...

Бірінші және ең маңызды сұрақ басты кейіпкердің образына қатысты туындайды. Өкінішке қарай, оны басты кейіпкер деу қиын. Ол үнемі қайғы-қасірет әкеледі, ол үшін адамдар қайтыс болады, соның өзінде Микаэл ешқашан өмірден сабақ алмайды. Ер азамат бола тұра мінезі өте жұмсақ, нәзіктеу. Бұл қыздар ессіз ғашық болатын кейіпкер емес. Кино соңындағы Микаэлдің аузынан шыққан сөздер барлық көріністерден кейін тым әсірелеп жібергендей естіледі. Дегенмен, тарихи оқиғаға қатысты монолог ақталды деуге болады және мықты дәйексөз болып көрінеді.

Екінші сәт – тарихи оқиғаларға бір жақты қарау. Әрине, басты назарда – адам тағдыры, оның көзқарасындағы соғыс көрінісі. Бұл жерде болып жатқан оқиғаға эмоциялық тұрғыда әсер ететін бірнеше тұлғалар бар. Фильм авторлары осы бағытта қалудың орнына, қылмысы үшін бір жақты ғана кінәлап, оларға өз әрекетін түсіндіруге мұрша бермейді.

Оскар Айзектің де актерлік жұмысы киноның жақсы шығуына әсер ете қоймады. Кавказдық еркекті сомдаудың қиын екендігін әрбір мектеп оқушысы біледі. Бірақ, соғысты бастан өткерген адамды бейнелеу өте қиын. Микаэл туғандарының өлімін, жан-жағынан аққан қандарды көрді. Осылардың барлығы мінезіне, іс-әрекетіне, көзқарасына әсер етпей қоймады. Актер ХХ ғасырдың басындағы кейіпкерді тым жеңіл, заманауи стильде ойнап шыққандай...

Тағы бір көңіл толмаған дүние - махаббат тақырыбы. Басында Шығыста қалыптасып қалған «алдымен отбасын құру, уақыт өте келе жақсы көріп кету» қағидасын еске салып алып, кейіннен тағы да «алғашқы махаббатқа» сендіруге тырысады. Анна мен Микаэлді сомдаған Шарлотта Ле Бон мен Оскар Айзектің арасына химия кері әсер еткен болу керек. Махаббат сюжеті де ешкімді аса қызықтыра алмады, оқиға шиеленіспей қалғандай.

Тек қоюшы-суретшінің жұмысына ғана ешқандай сын айта алмаймыз. Ол көрермендерді сонау 1914 жылға апара алды. Кішкентай бөліктерге дейін барлығы анық жасалған. Әрлеуге қатысты операторлық жұмыс та кәсіби орындалған. Түрлі құрал-жабдықтарды, субъективті камераны орнымен қолдана отырып, көрермендерді өткенге, сол жылдарға апарады.

Жалпы, бұл фильмде екі нақты кейіпкер бар. Оның бірі Микаэлдің түрік досы - Эмре. Ал екінші кейіпкер деп фильмнің әрлеуінен емес, таза сюжетінен әсер алған көрерменді атауға болады. Өйткені, «Уәде» фильмінде дәл сюжеттік әрекеттердің мықты тұстарын табу қиынға соғып тұр.

«Уәде» драмасының кестесін Brod.kz-тің кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бродвей» редакциясы «Уәде» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Good cinema» компаниясына және Kinopark кинотеатрлар желісіне алғысын білдіреді.

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер