È

«Она»: Оған не болды?

«Она» фильміне пікірнама

Ақан Сатаевтың «Она» атты мерейтой алдындағы тоғызыншы толықметражды картинасы ТМД айналымына шығады. Әлемге аты мәшһүр «20-шы ғасыр Фокс» студиясы таратуға кіріскен алғашқы отандық жоба, тұсаукесерлі көрсетілімі Пусан кинофестивалінде болған, жобаның бірегейлігі жайындағы әңгімелер және т.б. Бірақ, мұның барлығының артында не жасырынған?

Сюжет әйнек пен бетон пейзажына үйлесіп, күз мезгілі мәңгілікке тұрақтаған, мүлгіген тыныштыққа толы қалада тұратын жас әйел туралы. Бірақ, әйел жалғыз емес, оның жалғыздығына қызы арқау болады, қызы үнемі екеуін біреудің аңдып жүргенін сөз етеді.

Ақан Сатаевтың «Она» фильмі – әсерге толы кино. Тіпті, әсерлі көріністердің әрі спектрдің көптігі соншалық, фильмнің бір сағаттан сәл ғана асатынына сену қиын (ресми хронометраж 70 минут артықтау айтылған сияқты). Сонымен, әсерге оралайық.

Әдімілікті сезіну. Әрине, «Она» фильмінің визуалды жағына мүлдем сөз айта алмайсың. Ақан Сатаевпен алғаш рет жұмыс істеп отырған оператор Азамат Дулатов Қазақстанға тән емес көріністі бейнелеген, кейде Стэнли Кубриктің фирмалық симметрияларына ұқсап кетеді, осыдан фильмде әдемі, бірақ форматтан тыс көріністер тым көп болып кеткен.

Әдемілікті сезінудегі екінші маңызды фактордың бірі – басты рөлді сомдаған Айсұлу Әзімбаева, ол жаңа картинада актерлік қана емес, бишілік қырын да танытып, жеке бенефисін жасады. Актрисаның керемет иілгіштігі Ақан Сатаевтың картинасына отандық кино тарихында ең сексуалды көрініс берген сияқты.

Жалғыздықты сезіну. Мәселе «Она» фильмінде көрсетілетін Алматыдағы жалғыздық туралы ғана емес. Дегенмен, аскетизм мен картинадағы ауа жұмысын жүз пайыз атқарып, қажетті атмосфераны бере білді.

Өкінішке қарай, жалғыздық тек кадрда ғана емес, фильм мазмұнында да бар. «Она» фильмінің концепциясы қызықты құрылған, идеяда дұрыс әрі таптаурын емес мэсседж бар, ал қазақстандық кинематографты Голливудқа ғана емес, еуропалық авторлық киноға ұқсату сәтті шыққан. Барлығы сценарийге байланысты. Жалпы, трагедияны басынан өткерген әйелдің ішкі жан-дүниесін бейнелейтін осындай нәзік психологиялық картинаға Ақан Сатаевтың тұрақты сценаристі Тимур Жақсылықовты не себепті таңдағаны белгісіз. Сондықтан, осы сәттен бастап «Она» психологиялық драмасына қатысты барлық тылсым дүние жоғалып кеткен.

Оператор мен қоюшы-суретшінің ғажайып визуалды шешімдері, Айсұлу Әзімбаеваның перформансы, Ақан Сатаевтың қойылымы мағынасыз драматургияның және роботтар жасағандай әсер қалдырған диалогтардың кесірінен сәтсіздеу шыққан.

Енді, соңғы сөзді айтсақ. «Сатаев қылмыстық кино ғана түсіреді» деп, қаншама рет мысқылдасақ та, Ақан Сатаевтың режиссурасы – біріншіден, ол шынымен қылмыстық драма. Екіншіден – тарихи-патриоттық аңыз. Ал үшіншісі – елестер елестейтін психологиялық мәселелері бар адамдар туралы кино. Егер «Адасқандар» мен «Ликвидатор» картиналарын еске түсірсек, Ақан Сатаевтың жаңа фильмінің соңы немен аяқталатынын трейлерді көріп-ақ байқауға болады.

P.S. «Есентай Тауэрс» кешеніне Қазақстан Республикасының Халық әртісі деген атақ беретін кез келген сияқты.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер