È

Ұлт Көшбасшысы образының көлемді өзгерістер кезеңіндегі ерекшеліктері

Ұлт Көшбасшысы образының көлемді өзгерістер кезеңіндегі ерекшеліктері

Былтырғы жылдың көктемінде көрермендерге «Елбасы жолы» эпопеясы аясында түсірілген және Қазақстан жаңа тарихының қиын-қыстау кезеңдеріне арналған «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі ұсынылды. Бұл таспа қысқа уақытты, 1984 жылдан бастап, 1991 жылға дейінгі 7 жылды қамтыған. Бірақ, дәл сол уақыт аралығында КСРО-да Горбачевтің қайта құру кезеңі, ескішіл кеңес жүйесінің ыдырауы болды. Сонымен қатар, еліміз әлемдік қауымдастықта өз алдына жеке мемлекет болуға бағытталған алғашқы қадам жасаған еді. Мемлекет қайраткерлері туралы фильмдер түсірілімінде тәжірибесі бар әрі «Брежнев» хикаясын түсірген ресейлік режиссер Сергей Снежкин біздің мемлекет басшымыз жайында фильм түсіру құқығына толықтай ие болды.


КСРО баяғыда ыдырап кеткен, бүгінде арасында Қазақстан үздік болып танылған 15 республика да жоқ. Бірнеше жылдар бойы қазақ халқының ғана емес, өзге де ұлттардың өмірін басқарып келген Коммунисттік партия да жоқ. Қазір Бостандық бар әрі қазақстандықтар үшін соның символына айналған Нұрсұлтан Назарбаев бар. 80-жылдардың ортасында халқының нағыз азаматы ретінде танылған президентіміз отансүйгіштік қасиетінің арқасында көпшілік күткен бейбіт заманды жасап берді. Неліктен дәл Назарбаев 80-жылдардың соңында халықты өзімен бірге жетектеп, әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет құруға септігін тигізген адам болды? Бұл сұрақтың нақты жауабын тарихшылар мен саясаткерлер білетін шығар, дегенмен «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің атауынан-ақ шығыс халқының ақылдылығын байқауға болады. Сондықтан, басты кейіпкер Нұрсұлтан Назарбаевтың даралығының қиындығына қарамастан, Снежкин кәсіби режиссер ретінде көркем публицистиканы негізге ала отырып, сценарийге саяси драманы да қосты.

Кино өнері мәдениеті кезекті айналым жасады, «Жұлдыздар тоғысқанда» - бұл басты кейіпкердің отансүйгіштігі мен тұлғаның рөлі жайындағы пікір. Осы эстетиканың аясында көрермендерге плакатты мұқаба мен жазушылардың әдеттегі сөздері емес, елімізде тұрып жатқан барша халықтың өздерін тануына әсер еткен, заманауи кезеңнің жасампазына айналған жанды жүрекпен жеткізе білу маңызды. Сергей Снежкин көркемдік элементтерді сақтай отырып, тарихтарды сабақтастырады. Сол себепті, кадрда ойдан шығарылған британдық корреспондент Хью Фрейзер (Джереми Вильсон рөлі) пайда болады. Ол ағылшын тіліне қиындау түсетін «Қазақстан» сөзін әрең айтады, дегенмен қиын болса да, ашық сұрақтарды қоюға дайын. Президент Назарбаев үшін бұл маңызды сұхбат, сол арқылы алдымызда үлкен елдің басшысына тән мықты қасиеттерге ие ақылды, өз-өзіне сенімді саясаткердің тұрғанын байқаймыз.

Режиссер әрі сценарий авторы Сергей Снежкин бізге басты кейіпкерді екі өркениеттің арасында өмір сүретін, шығыс дипломатиясы мен батыс прагматизмін бойына сіңірген адам ретінде көрсетеді. Берік Айтжановтың сомдауындағы Нұрсұлтан Назарбаев – бұл партия съезінде сөз сөйлеуден қорықпайтын, наразылық топтың алдына шығудан тайсалмайтын, Горбачевқа мәдениетті түрде «жоқ» деп айта алатын жігерлі азамат. Айтжановтың кейіпкері үлкен өзгерістер кезеңінде тұрғанын жақсы түсінеді, бар жауапкершілікті сезіне отырып, тұңғыш президент ретінде таңдап алған халық сенімін ақтауға тырысады. Берік Айтжановтың кадр арқылы берген образы – эмоцияға осал, бірақ іске пысық, коммунистік ортодоксиядан алшақ саясаткердің, дүниеге келуін діни сеніммен байланыстырған, мұсылман нанымына қатты қарайтын, Меккеге қажылыққа барған адамның образы. Снежкин президентті туғанынан дипломат болуға жаралған, басқаларды тыңдай білетін тамаша саясаткер ретінде сипаттайды.

Фрейзер мен Назарбаевтың диалогы фильм құрылымының негізіне айналғандай. Осы әдіс «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін әдеттегі байопиктен гөрі кеңес жүйесін көрген адамның саяси дамуының зерттеуіне жетелейді. Фильмдегі оқиға драмамен, ал шындық әдемі ұсынылған кинобеллетристикамен байланысқан. Ол үшін қолдарына портфель ұстаған кеңес функционерлерінің жазық далада атпен шапқанына назар салу жеткілікті немесе Ұлт Көшбасшысының бір әңгімесін домбыраның сүйемелдеуімен орындалған әнмен әрлеп жібергеніне қарап, байқауға болады. Жалпы, фильм авторы ретінде Снежкин зерттеуді, Кеңес Одағы ыдырай бастаған уақытта Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен біршама атқарылған істер мен оқиғалар арқылы басты кейіпкердің рухани толғанысын керемет жеткізеді. Президент образын бейнелей отырып, көрерменге түсінікті болу үшін режиссер көбінесе басты кейіпкер мен халықтың естеліктеріне жүгінеді. Берік Айтжановтың құрметіне мынаны айтса кетсек, оның сомдауындағы Назарбаев – бірінші орында саяси аңыздардан ада тірі адам, заманауи жарқын саясаткер, кең көлемді тұлға. Сондықтан, «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі бізге Нұрсұлтан Назарбаев образын адам мен мемлекет қайраткері ретіндегі үйлесімділігін көрсетеді. Дәл осы үйлесімділік оның халық сеніміне ие болуына әрі саяси ұзақтығына әсер етпек.

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін мына жерден көре аласыздар.

 

Сергей Бутаков

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

10 желтоқсан 2017, 02:06

Все сплошное лжи и лести

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер