È

Достық пен келеңсіз жағдайдың шырмауында

 «Тараз» фильміне рецензия

Жақын күндері отандық прокатқа «Тараз» криминалдық драмасы шықты. Бұл – біздің кино және телекеңістігімізде «келін» образы арқылы таныс актер әрі продюсер, режиссердың картинасы. Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де осы жолы Нұртас Адамбай көрерменге комедиялық жанр мен өзінің қоғамның түйіткілді мәселелеріне деген салмақты көзқарасының айырмашылығын көрсетуге тырысыпты. Сондықтан да ол өзінің осыған дейін жасаған дүниелеріне қарсы бағытта жүргені байқалады. «Тараз» - өте күңгірт, еш ирониясыз драма, стилі жағынан еуропалық киноға келіңкірейді. Кейіпкерлері негізінен жүздері суық ер адамдар, олардың арасынан жақсы мен жаманын ажырату мүмкін емес. Мұнда бәрі бір-біріне қарсы, әрқайсысының өз шындығы бар.

Фильмде күз мезгілі суреттеледі. Қара суық, жайсыз ауа-райы. Тараз қаласында бір мезгілде, бір жерде осы оқиғаның кейіпкерлері кездеседі. Осыдан кейін оқиға шиеленісе бастайды. Операторлық камера көрерменді кейіпкерлердің әрбір әрекетіне етене жақын араластыру үшін әр сәтті қалт жібермеуге тырысады. Сондықтан да камера түнгі қаланы да, салқын болса да сұлу пейзажды да, ұзақ жолда кетіп бара жатқан адамдарды жақынырақ білу үшін флэшбэктерді де қамтыған. Әдемі боялған картина мен осы көріністер үйлесіп, кино шынайы түсірлген.

Режиссер әрі продюсер Нұртас өз фильмінің жанрына қарамастан әдемі шығуы үшін ресурсты аямағаны байқалады. «Тараз» өте сапалы техникалық деңгейде түсірілген. Ал драматургиясына келетін болсақ, оқиғасы өте қарапайым, бірақ сауатты жазылған. Мұнда «Келинка» фильміндегідей сюжетінде артық ештеңе жоқ. Нұртас сценарист ретінде де шеберлігін шыңдай түскені көрініп-ақ тұр.

Сюжет жайында да аздап: 30 жастар шамасындағы үш жігіттің дүниетанымы да, әлеуметтік жағдайлары да әртүрлі, бірақ оларды біріктіретін араларындағы достық. Дөрекі, батыл Сапар (Еркебұлан Дайыров), тұрақсыздау, әлсіздеу Асан (Асан Мәжит) және интеллигент, көп сөйлемейтін Айдар (Нұртас Адамбай), әрқайсысының өз қайғылы оқиғасы бар. Бірақ өз бастарындағы жағдайды достарына ашылып айта бермейді. Олар бір-біріне қолдау білдіреді, түсінеді, қол ұшын береді. Осындай жақсы қасиетке ие достар бір күні бір білеге ұрынады. Оқиғада сұлу қыз да жоқ емес, оның рөлінде Гүлназ Жоланова. Оның образы өте әсерлі шыққан. Нұржан Садыбеков те жаман емес, оның қарлыққан дауысын трейлерден естіген едік. Ал Төлепберген Байсақалов тағы да өзін ойнайды, бірақ аздап өмірден түңілген, ұстамдылау.

Әсіресе Еркебұлан Дайыровты ерекше атауға болады, ол қазақ киносының серісі атанған Берік Айтжановты басып озатын секілді (басып озған да болуы мүмкін). Көрермен оны «Қазақ елі» фильмінен Жәнібек ханның образында көретін болады. Бұған дейін ол Бауыржан Момышұлының рөлінде ойнады және Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» драмасында басты рөлді сомдады. Бұл актердың шығармашылығын бақылап отыруға тұрарлық. Асан Мәжит өзінің рөлін жақсы ойнап шықты, ол өзінің кімді ойнап жатқанын бір сәтке естен шығармаған секілді. Нұртас Адамбай өзінің актерлық карьерасында бірінші рет көрпені өзіне тарта бермей, сыпайы түрде достарына өзін көрсетуге мүмкіндік беріпті. Айтпақшқы оның осы жолғы кейіпкері еліміздің ең ерке келінінен, «Побега из аула» фильміндегі бұзық баладан әлдеқайда бөлек. Ал нәзік те, сүйкімді Гүлназды біз жақында «Бизнес по-казахски» комедиясынан көреміз, мұнда ол өзінің комедиялық жанрыдағы дарынын көрсетеді.

Қорыта келгенде, бұл киноны көруге болады, Қазақстанда да осындай сапалы кино түсіре алады деген сөздің дәлелі ретінде осы фильмді айтсақ, қателеспейміз. Сөз жоқ, «Тараз» өз көрерменін табаы. Ал Нұртас Адамбайға оның келесі жобасы да осылай көрерменді таң қалдыруын тілейміз.

Киноға барған Варвара Литвинова

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер