È

«Мен арықтап келемін»: Бірақ, бастысы бұл емес…

«Мен арықтап келемін» фильмі жайлы пікір

Аня (Александра Бортич) кондитер болып жұмыс істейді және жігіті, жүзу тренерімен (Роман Курцын) бірге тұрады, бір күндері бойжеткен артық салмақ қоса бастайды. Әрине, бұл оның жігітіне ұнамайды, сол үшін дәл досының үйлену тойында қызын тастап кетеді. Кейін Аня жақын досының (Ирина Горбачева) қылтимасына көшіп барады да, әрі қарай өмір сүруге тырысады. Қомағайлардың жасырын клубына жазылады, өз қалпында қалуды үйрететін көңілді толық жігітті (Евгений Кулик) жолықтырады, әкесін (Сергей Шнуров) іздейді және арықтауға тырысады...

Трейлер мен мәнсіз атына қарап, Алексей Нужныйдың картинасын кез-келген жағдайды мазақ қылатын төменгі сатыдағы өнім, кезекті а-ля орыс комедиясы деп топшылауға болады. Бірақ, іске келгенде, барлығы тереңде жатыр.

Арықтау кезеңі бұл жерде көмекші құрал болып табылады, негізі бұл – өзіңді-өзің тану мен жаныңдағы адамдармен қарым-қатынас жайлы тамаша хикая. Рөл үшін 20 кг салмақ қосып, кейін түсірілім кезінде қайтадан бұрынғы қалпына оралған Бортич барынша тырысқанын білдірген, дегенмен қосымша кейіпкерлердің арасында солғын көрінеді. Әсіресе, «а-ля орысша Джон Хиллдің» рөліндегі Евгений Кулик жақсы ойнаған. Сондай-ақ, құрбы рөліндегі Ирина Горбачева да мықты көріністерде төбе көрсетіп, жақында шыққан «Аритмияны» еске салады. Картинада аралас кейіпкерлер мен қызықты камео көп – бір көріністерде тіпті, «Хардкорға» түскен Илья Найшуллерді байқауға болады.

Бұл жарқын, жеңіл, кекесінді, жігер сыйлайтын және ең бастысы, сүйкімді кейіпкерлері мен әсерлі мағынасы бар күлкілі комедия. Картинада драма мен әзіл жақсы үйлесім тапқан, соның арқасында фильм орыс шындығында түсірілген американдық драмедиге ұқсайды. Фильм авторлары референс ретінде «Бриджит Джонс күнделігін» ерекше еске салды, бірақ ол Джадд Апатоудың жұмысына келеді. Ең алдымен, көрерменмен мәнсіз дүниелер арқылы салмақты тақырыптарды қозғауға тырысады. Бұл - дәстүрлі мысқыл емес, көңілді, маңызды бағыты бар шынайы кино.

Одан бөлек, картинада шынында да өткір диалогтар мен жақсы таңдалған саундтрек, керемет операторлық жұмыс және баяндаудың көңілді ырғағы бар. Иә, кейде сюжет бір орнында тұрып қалады және сценарийде біркелкі емес тұстары кездеседі, дегенмен фильмді көру қызықты, тіпті бір жарым сағаттың қалай өткенін байқамай қаласың.

Картина басты мақсатын тамаша орындап шықты, ол арықтау кезеңін көрсетпестен, өзіңді кез-келген қалпыңда жақсы көруге шақырады. Фильм өмірдегі өзгерістерге ұмтылдырып, сол өзгерістердің жарқын мысалын бейнелейді.

Жалпы, «Мен арықтап келемін» - көрермендерді күлдіре отырып, ойландыра білетін өте жақсы, көңілді, көктемгі кино. Бұл ұзақ әрі суық қыстан кейін бізге қажет-ақ.

Алексей Нужныйдың «Мен арықтап келемін» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

Киноға Жанкелді Өмірәлиев барды

«Бродвей» редакциясы «Мен арықтап келемін» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Sulpak Cinema компаниясына, Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрына және WorldClassLite фитнес-клубына алғыс білдіреді.

 

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер