«Әйел кедергі емес»: Бөгде біреумен отбасылық портрет

Қазақстандық айналымға Асқар Бисембиннің «Әйел кедергі емес» картинасы шығады. Фильм соңғы бес аптада экранға шығатын алтыншы отандық комедиялық жоба болмақ. Алайда, осы картиналардың барлығын көре отырып, отандық комедияның тығырыққа тірелгенін сезінетіндейсің. Бисембиннің фильмі - соның жарқын дәлелі.
Сюжетте Жанна есімді жас әйел баяндалады. Бірнеше жыл бұрын ол өзін отбасына – үнемі қолы босамайтын күйеуі Руслан мен қызына арнаған болатын. Русланның өмірінде Зарина есімді психолог көңілдесі пайда болғанын білген Жаннаның бірқалыпты тұрмысы құлдырай бастайды.
Қазақстандық комедиялардың басты мәселесі – отандық кино өндірушілердің киноөндіріске жарыс есебінде қарауы. Алдыңғы қатарлы кинематографшылар аяқ астынан сценарий мен қойылымның сапасына қарамастан, жылына кем дегенде екі картина түсіруді ұйғарған сияқты. Сондықтан, Нұртас Адамбай мен Асқар Бисембиннің соңғы жұмыстары экранға әйтеуір бірдеңе шығара салуды місе тұтқан адамның тірлігі секілді болып көрінеді.

Картинадағы негізгі мәселелер кейіпкерлерден басталады. Мысалы, басты кейіпкер әйелді алайық. Картинаның басында ол жұмыс істемей, өзін толығымен күйеуі мен отбасына арнауды ұйғарғанын білеміз. Дегенмен, Жаннаның көп уақытын жақын құрбысы жұмыс істейтін дәмхананың асханасында, Заринаның кеңсесінде, караокеде, дәмханалар мен түнгі клубтарда өткізетінін байқаймыз.
Осы кезде опасыз күйеуі басты кейіпкерге жұмысының көптігін, ешкімге қажеті жоқ жобасымен бас қатырып жүргенін айтады. Осы сәтте мынадай сұрақ туындайды: ол Заринаға көңіл бөлуге қай кезде уақыт табады?
Енді Заринаның өзіне тоқталсақ. Отбасылық мәселелерді шешіп беруге көмектесетін психологтың өзі әйелі бар еркекпен көңіл қосады. Бұл тірлік ессіз махаббаттан болса бір сәрі, бірақ бойжеткен мұның барлығына жалғыздықтан жалыққан соң ғана барады. Осы дерек кейіпкердің кәсібилігіне күмән келтіреді.

Жалпы, Асқар Бисембин өзінің кәсібилігі мен біліміне қарамастан, фильм соңын екінші рет әдеттегідей аяқтайды: шарықтау шегінде басты кейіпкердің өтірігін әшкерелейді, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас бұзылады, әрқайсысы өз бетімен кетеді... кейін, уақыт өте келе, барлығы бір-бірін кешіреді. Ешқандай себепсіз. Жәй ғана кешіре салды. Неліктен? Мүмкін, авторлар хикаяны қалай аяқтайтыны жайлы толық ойланбаған шығар. «30-да күйеуге шығу» фильмінде де дәл осылай болған еді.
Осының барлығы күлкілі болса жақсы ғой. Бірақ, фильмдегі әзілдің көп бөлігі Айнұр Ілиясова мен Мейіржан Төребаевтың кейіпкерлеріне тиесілі және ұмытшақ даяшының әзілдері жиі қайталанады. Әрине, Марат Достаевтың қатысуындағы «Тамаша» бағытындағы эпизодты санамағанда... Бұл көріністі алып тастаса да, ештеңе өзгермес еді.
Жалпы, «Әйел кедергі емес» - кезекті қазақстандық комедия, неге екені белгісіз, авторлар отбасы сатқындығын үстіртін әзіл, қарабайыр кейіпкерлер және солғын соңы арқылы ақтауға тырысқандай.
Киноға Кәрім Қадырбаев барды
Оцените рецензию
.jpg)






1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
15 апреля 2018, 23:46Да фильм, получился только благодаря девушке из забывчивой памяти. И Берика.