È

«Zor»: Бұл масқара ғой

«Zor» фильміне пікірнама

Биылғы жылы әншілер мен музыканттардың көпшілігі кинематографқа бет бұрды - Арман Дүйсенов, Сиви Махмуди, Ренат Басит, «91» тобы, Қайрат Нұртас, Бүркіт. Бұл музыкалық-кинематографиялық марафонды BN тобы аяқтады, олар актер Шапағат Орынбаевтың «ZOR» атты спорттық жастар фильмінде басты рөлді сомдады.

Сюжетте анасымен бірге Ақтаудан Алматыға көшіп келген жас жігіт Айдын туралы баяндалады. Ол қалада беделді колледжде оқиды, жергілікті сұлулық ханшайымы Адинамен сырласады және сері жігіт Марленмен қақтығысып жүреді.

Отандық режиссерлардың өз жобаларына адамдарды қалай тартатыны үнемі қызық. Себебі, фильм сценарийін кем дегенде он адам оқуы керек қой. Бірақ, сол он адамның ішінен біреуінің қолжазбаның кем-кетігі туралы айтпайтынына сену қиын.

Сонымен, «Зор» фильмі не туралы баяндайды? Сондай-ақ, картина «бұл әлемде тәрбиелі отбасында туып-өссең, одан асқан бақыт жоқ» дегенді алға тартады. Шапағат Орынбаевтың фильмін «Мажорлар» картинасымен қатар қоятын болсақ, жарқыраған алтындар мен құр мақтаншақтықтан көз шағылысады. Ол да дұрыс шығар, себебі «Зор» секілді фильмнің сюжетін көзіңіздің ауырғаны салдарынан көрмейсіз. Бір жағынан, орыс тілін жоғары деңгейде меңгергенін көрсеткісі келгендей. Сол себепті, «Зордың» кейіпкерлері құрмалас сөйлемдермен сөйлеседі. Дегенмен, күрделі сөйлемдердің санаға еш әсері жоқ. Сондықтан, кейіпкерлер түсініксіз тілде әңгімелеседі. Жәй ғана сынап отырмай, мысал келтіре кетейін. Мысалы, Айдын Адина мен Марленді алғаш рет көрген кезде кейіпкерлердің әңгімесі (сөйлемдері дәл берілген жоқ, мағынасы осылай) былай өрбиді:

Адина: «Біздің қайырымдылық ұйымымыз қалада жетімдер үйі болмас үшін барлық жағдай жасап жатыр, сондықтан біз балақайдың (суреттегі балақайдың жасы кем дегенде он алтыда) отасына қажетті қаражатты жинадық. Қазір басты белсенді жігітіміз Марленге сөз беремін».

Марлен: «Иә, біз қайырымдылық үшін қолымыздан келгенін жасап жатырмыз, сондықтан ертең барлықтарыңызды баскетбол алаңында күтемін, ал қазір сахнаға ән салып беретін досымды шақырамын. Әннің сөзін өзім, музыкасын досым жазған».

Досы сахнаға шығып, Джеймс Бланттың әнін шырқайды.

Қысқасы, түсінбеген жандарға айта кетейік, Адинаның қайырымдылық шарасы бір қыздың отасына ақша жинау арқылы балаларды ата-аналарымен қауыштырады, ал Марлен баскетбол жарыстарын өткізіп, гитарист студенттерді жарылқап, Адинаға көмектесіп жүреді. Кейін, студенттік топпен бірге қарттар үйіне барып, зейнеткерлерге шекілдеуік қорабтарын немесе қажетті азық-түліктерді сыйға тартады.

Жалпы, «Зордағы» мінездемелер керемет жазылған, оларға психикалық емханаларда диагноз қоюға болады екен. Мысалы, Айдын бала күнінде әкесінің рингте қайтыс болғанын көреді, сондықтан анасы оған спортпен айналысуға тыйым салады. Бірақ, ол құпия түрде дайындалып, он жыл бойы мықты күрескерге айналады да, кейін қайтадан боксты тастап кетеді (әкесінің қайтыс болуына байланысты).

Айдынның анасымен бірге Алматыға не үшін көшіп келгенін де ешкім түсіндірмейді, оның Адинаның көлігін неліктен айдап жүргені де беймәлім (бұл Марленнің сөзінен байқалады). Бір қызығы, барлық көріністе Айдынды ағасының көлігінің (777 нөмірі бар) артқы жағында отырғаны көрсетіледі. Оның үстіне, Айдын кәдімгі бес қабатты үйге емес, суретшілер мен фильм режиссерінің талғамсыздығын көрсететін зәулім сарайға көшіп келеді.

Марлен екеуінің қарым-қатынасы да қызық. Бірде әр көрініс сайын екеуі ұрсысып қала берсе, енді бірде бір-бірін «досым» деп атайды. Жалпы, Марленнің мінезі баршылық.

Ол Адина үшін әкесінен 5 мың долларды оп-оңай сұрап ала алады, бірақ, неге екені түсініксіз, жарыстардан ақша табады. Бір қызығы, әр түрлі жастағы боксшыларға қарағанда, Марлен мүлдем жарақат алмайды ғой. Тіпті, жарыс алаңында да «Мен анамның К-Поп жұлдызымын» деп, менмұндалап тұратын шаш үлгісімен жүреді. Ал сөздік қоры ше?! Мәрмәр тасқа алтын әріптермен «Айдын саған лайық емес, себебі оның мұрасы жоқ!» деп жазғың келеді. Ал Марленде ол бар сияқты. Сондықтан, ол еншіні мұрамен шатастырады.

Фильмнің жеке кейіпкері ретінде барлық кейіпкерлер киіп жүрген киімдерді атап өтуге болады. Құдды бір Дольче, Версаче мен Габбананың фэшн-жұмағы дерсің. Бұл образда Айдынның бөлесі ерекше көрінді, оның аты есімнен шығып кетсе де, бірақ бас айналдырар пенжегі есімде қалыпты. Айтпақшы, Айдынның бөле әпкесі де бар, ол көрерменге аса мәнерлі ишараттарымен есте қалғандай.

Кикілжіңнің туындауына себепші болған кейіпкер туралы айтар болсам, ол да барлық кейіпкерлер секілді Крыша.кз сайтында жалға берілетін «кешкі сауықтарға арналған зәулім сарай, аулада мангал және көктал жасайтын пеш, төрт көлік сияқтын алаңқай бар» деген жазуы бар үйде тұрады. Жалпы, айтарлықтай ерекшелігі жоқ, тек Марленнің әкесінен қайырымдылық үшін ақша алады, бірақ, әкесінің ақшасын оңды-солды шашып жүрген баласын жазғырады.

Негізі, фильм кейіпкерлерінің және авторлардың ақшаны қайдан алатынын білгім келеді. BN тобы бірнеше мың долларын «Зор» секілді жұпыны киноға жұмсай алса, жақсы табыс табатын шығар. Кешіріңіздер! ZOR!

P.S. Фильм авторларына құлаққағыс (Википедия материалдары бойынша): Мұра – көне заманнан қалған адамдардың тұрмыс-тіршілігі және мәдениеті.

Мұрагерлік – қайтыс болған адам мүлігінің мұрагерлеріне өтуі.

 

 

Киноға Кәрім Қадырбаев барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер