«13 Продакшн» «Киберқорғаушылар» хикаясының трейлерін ұсынды
«13 Продакшн» компаниясы «Киберқорғаушылар» хикаясының трейлерін ұсынды. Ситком 2018 жылдың қаңтарында «Жетінші арнадан» көрсетіледі.
«Киберқорғаушылардың» басты кейіпкерлері – еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысып жүрген тәжірибелі хакерлер тобы. Елді қорғауға данышпан хакер Айдос, кибер-шал Марклен, гаджетвумен Аида, ойыншы Санжар және SMM-ші Дина атсалысты. Көрермендер әсерлі хикаяның куәсі болмақ.
Көпсериялы картинаға Төлепберген Байсақалов, Мұрат Бисенбин, Жасын Қанбаев, Әсемгүл Ибраева, Әлішер Мұстафин, Әсел Ташарова және Ақарыс Әшімхан түсті.
Ситком сценарийін «13 Продакшнның» продюсері әрі директоры Иван Кинерейш жазды. Хикая ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен түсірілген.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін