Асқар Ұзабаевтың көруге тұрарлық 5 жобасы
Қазақстандық кинематографта Асқар Ұзабаев көпшілікке жақсы таныс. Оның фильмдері коммерциялық табысты, және әлеуметтік жағынан өткір, осылайша ол өзінің шығармашылығында маңызды екі құрамды бірітктірген: ақша және шын мәнінде бар мәселелер. 567 cinema мен Ұзабаевтың шығармашылығымен жақсы танысқыңыз келсе оның режиссерлық жұмыстарының ішінде келесі картиналарды көруіңізге болады.
Өзінің алғашқы толық метрін Асқар Баян Мақсатқызымен бірлесіп түсірді. Алты жыл бұрын фильм үлкен табысқа ие болып, фильмнің жалғасы түсірілді («Ғашық жүрек 2») және приквелі ретінде «Ғашық жүрек» сериалы түсірілді.

Комедияның сюжеті Мөлдір есімді қыздың айналасында өрбиді, ол балалар үйінің түлегі. Мөлдір атақты әнші атанып, белгілі әнші Мейрамбек Беспаевпен танысуды армандайды. Оның арман орындалады, өйткені Мөлдір продюсер Баянды кездестіреді, қарапайым қыздан эстарада жұлдызын жасау оның қолынан келеді.
Бірнеше сериалдан кейін Ұзабаев тағы да үлкен киноға бет бұрып, «Жол» драмасын қолға алды. Фильм 2014 жылы дайын болғанымен 2015 жылдың күзінде ғана прокатқа шықты.

Фото: Informburo.kz
Огонек атанып кеткен жас жігіт барахолкада жұмыс істейді және жасырын төбелестерге қатысып, ақша табады. Ол өзінің орны кәсіби бокста екенін жақсы түсінеді. Бталы қадам жасап, ол боксерлер клубына келеді, осы жерде ол өзінің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
2014 жылы асқар тағы да комедияға қайта оралады. және тағы да баян Мақсатқызымен бірге. толық қыздың оқиғасы Күлше қыздыкі секілді жаттанды болғанымен Баян ойнаған томпақ Айгүл өте тартымды болды.

Студент кезінде Айгүлді курстастары мазақ қылатын. Бірақ араға біраз жылдар салып, түлектердің кездесуіне өте әдемі, сымбатты айгүл маратқызы келеді.
«Тракторшының махаббаты»
16-сериялық жоба да Баян Мақсатқызы мен Асқар Ұзабаевтың бірлесіп түсірген жұмысы. Сериалды басты рөлдердібелгілі актер Берік Айтжанов және әнші, енді актриса Камшат Жолдыбаева ойнады.

«Тракторшының махаббаты» Белла есімді қаланың бай, ерке қызы жайлы. өзінің үйленетін жігітіне кетіп бара жатқан жолда Белла жол апатына ұшырайды. Ес-түссіз жатқан қызды тракторшы Жасұлан құтқарады. Жас жігіттің үйінде қалып қойған ерке қыз ауылдың тұрмыс-тіршілігіне үйрене бастайды.
Фильм мегаполиске келіп атақты болуды армандайтын қыздың оқиғасы.
Асқар Ұзабаевтың комедия жанрындағы жаңа фильмі 1 желтоқсаннан бастап прокатқа шығады. Сондықтан режиссердың шығармашылығын үлкен экраннан көріп бағалау мүмкіндігі бар.

Басты рөлдерде Ақбота Сейтмағамбет – Kesh you тобының мүшесі, Әсел Ақбарова – тележүргізуші және актриса, актер Дәурен Айдарқұлов.
Асқар Ұзабаев кинода сценарист және продюсер ретінде де танылып келеді. Ол көптеген жобаларға сценарий жазды, оның продюсерлік жұмыстарының ішінде «Шлагбаум» фильмін көріңіздер.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін