È

Айым Сейтметова музыкалық бейнебаянда рок сұлуын сомдады

Айым Сейтметова музыкалық бейнебаянда рок сұлуын сомдады

Актриса Айым Сейтметова Q-pop орындаушы Ziruza-ның жаңа бейнебаянына түсті. «Кеш» туындысына түсірілген музыкалық бейнебаянда Айым бір-бірін жақсы көретін жұптарды айырған рок сұлуын сомдады.

Айымнан бөлек, бейнебаянға Ninety One тобындағы Азамат Ашмақынның бауыры Әсет Ашмақын түскен. Бейнежазбаны режиссер кіші Валерий Задарновский түсірді, ал қоюшы-операторы Асқар Серікқазин және қоюшы-суретшісі Инга Задарновская болды.

«Кеш» бейнебаяны Желіде бар. Айым Сейтметованың («Қалай да той жасау») жанкүйерлері сырт қалмай, мақтау пікірлерін білдірді: «Сіз тамаша сомдадыңыз, сізді бейнебаянда көргеніме қатты қуандым», «Кереметсіз!», «Өте әдемісіз», «Көзтартарлық», «Кереметтілігіңіз соншалық, бейнебаянды сіз үшін қайта-қайта көре беремін» және т.б.

Айта кету керек, бұл актрисаның музыкалық бейнебаяндарға алғаш түсуі емес. Бұрын ол Jokeasses-тің «Зың-зың» және «Ағайындылар» тобының «Сүю деген» әндерінің бейнебаяндарына түскен болатын.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса