È

Айжан Байзақова: «Маған көбінесе жағымсыз кейіпкерлерді сомдаған ұнайды»

«Бір сен үшін» фильмінің басты кейіпкері Айжан Байзақова: «Маған көбінесе жағымсыз кейіпкерлерді сомдаған ұнайды»

Отандық кинематограф жыл сайын жаңа есімдерді жариялауды әдетке айналдырғандай. Биылғы жылы үлкен кинодағы дебютанттар тізіміне жас актриса Айжан Байзақова енді. Ол ең алғаш «Жаным» хикаясына, одан кейін «Сыныптастар», «Жизнь в большом городе» және «Такая Life» картиналарына түсті. Актриса үшін толық метрдегі алғашқы тәжірибесі жақында ғана айналымға шыққан «Бір сен үшін» мелодрамасы болды.

«Мені жобаға Азамат Сатыбалды шақырды. Біз 2012 жылы бірге «Сыныптастар» хикаясына түскен болатынбыз. Содан бері доспыз. Оның айтуынша, мен рөлдердің біріне жақсы келген екенмін. «Бір сен үшін» - бұл үлкен кинодағы дебютім, оның алдында бірнеше хикаяларда романтикалық бойжеткендерді сомдаған едім. Ал, «Бір сен үшін» картинасында жағымсыз кейіпкердің рөлін ойнадым. Шынымды айтсам, қиындау болғаны рас. Кейіпкерімнің тағдыры оңай болмағандықтан, эмоциялық жағынан мықты көріністер жетерлік. Бірақ, маған салмақты қыздардан гөрі жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдаған ұнады»,- дейді Айжан Байзақова.

Сондай-ақ, актриса актер Азамат Сатыбалды мен режиссер Ардақ Төлеубайдың ақыл-кеңестерінің арқасында түсірілім жұмыстарының жеңіл өткенін атап өтті.

«Түсірілім кейде таңғы бесте басталатын, бірақ, соған қарамастан жігіттер жайдары, көңілді жүрді. Мүмкін, түсірілімнің жеңіл әрі ешқандай қиындықсыз өткені осыған байланысты шығар. Осы орайда, барлық түсірілім тобының кәсібилігін атап өткім келеді. Продюсер мен режиссер маған көп көмектесті»,-деп сырымен бөлісті актриса.

Естеріңізге сала кетсек, «Бір сен үшін» фильмі - актер Азамат Сатыбалдының алғашқы продюсерлік жобасы. Картина отбасылық қарым-қатынасты, шыдамдылық пен кешірім сынды қасиеттерді баяндайды.

Мелодрама туралы пікірді сілтеме бойынша оқи аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер