È

Ақан Сатаев мен Мәдениет министрлігі Томирис патшайым туралы фильм түсіреді

Ақан Сатаев мен Мәдениет министрлігі Томирис патшайым туралы фильм түсіреді

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Томирис патшайым туралы Бұл туралы кинематографист ӨР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында айтты.

«Биыл біз Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп «Томирис» тарихи фильмін түсірмекпіз. Егер осы оқиға сапалы шықса, отандастарымыздың қызығушылық тудырады деп сенемін, өйткені әлем бойынша Томирис патгайымға деген қызығушылық өте жоғары. Томирис патшайым - әлемдік тарихқа үлес қосқан біздің белгілі тұлғасы. Біздің кинопрокаттың аясын кеңейту үшін осындай алға сүйрейтін жобаларды қолға алу керек деп ойлаймын. Бұл еліміздің халықаралық имиджінің қалыптасуына әсер етеді. Біздің кинематографистеріміздің басты мақсаты - әлем қызығарлық сапалы фильм түсіру.Осыәрекеттердің бәрі біздің елімізде толыққанды киноиндустрияның қалыптасуына әсер етеді», - деді Ақан Сатаев өз баяндамасында.

Режиссердің айтуынша, жыл сайын кино нарығында қазақстандық киноның саны артып келеді, кино саласында жаңа есімдер таныла бастады. Ақан Қарғамбайұлы кино саласының нарықтық экономикаға өтуінің маңыздылығын да айтып өтті, бұл отандық киноның өзін өзі ақтауына жол ашар еді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кино нарықтың үлкендігі жағынан ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында.Елімізде 270 кинотеар залы бар.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

20 февраля 2017, 12:51

"Дорога к матери" снятый при поддержке министерства получился отличным фильмом, надеюсь этот будет не хуже

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер