È

Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильм түсірмек

Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильм түсірмек

Жақында «Кәсіпкерлерін» айналымға шығарып, «Томирис» және «Елбасы жолы. Астана» атты екі фильмнің түсірілімінін бірден аяқтаған отандық режиссер Ақан Сатаев жаңа жобасының жұмысына кірісіп кетті.

Қоюшы бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев туралы өмірбаяндық картинаның түсіріліміне дайындалып жатыр.

Серік Сәпиевтің жеке Instagram парақшасынан
Серік Сәпиевтің жеке Instagram парақшасынан

«Байопиктер, болған нәрсені түсіру – кез-келген режиссерге қызық. Мен Серік Сәпиев жайлы фильмді қуана түсіремін. Ол Лондонда олимпиада алтынын алған кезде, ұлттың біріккені есімде. Бұл ауада сезілген мереке еді», - деді Ақан «The Эфир» бағдарламасында.

Картинаның өндірістік уақыты бір жарым жыл уақытқа созылады.

Еске салса кетсек, жақында Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» атты ҚР президенті жайлы алтыншы таспаның постерін жариялады.

Превью: Almaty film festival

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

30 қараша 2018, 00:55

Да Акан Сатаев. Только по тропе политической фильмы снимает. Поэтому он на фоне.

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер