È

Актер Қуаныш Жылжақсынов режиссурада дебют жасады

Актер Қуаныш Жылжақсынов режиссурада дебют жасады

Актер Қуаныш Жылжақсынов кинокамераның басқа жағынан жұмыс істеп көруді ұйғарды. Отандасымыз өз күшін режиссурада сынай бастап, «Өзгеге жұмбақ әлемім» хикаясының түсіріліміне кірісіп кетті.

Көпбөлімді «Өзгеге жұмбақ әлемім» фильмі – инклюзия тақырыбына - денсаулық жағдайына, даму деңгейіне және ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық беделіне қарамастан, балаларды жалпы білім беру үрдісіне біріктіру кезеңіне арналған жоба. Хикая ерекше қажеттілігі бар балалар туралы, олардың күнделікті өмірі мен қоғамның қабылдауы жайлы баяндайды. Оқиғаның басты кейіпкері аутикалық спектр ауытқуы бар жасөспірім болды.

Қуаныш Жылжақсынов «Нархоз» хикаясы арқылы танымалдылыққа ие болды, ол жобада басты рөл - студент Данатты сомдаған. Кейін актер толықметражды картиналарға түсе бастады: «Super той» (2016), «Махаббат жайлы 100 минут» (2017), «Бойжеткен» (2018) және «Таиландтағы демалыс» (2018). 2017 жылы ол «Nya Nya аға» ситкомына түсті.

Айта кету керек, Жылжақсынов көптен бері режиссерлікпен айналысуды армандаған, тіпті арнайы Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да Сатыбалды Нарымбетов шеберлігінде оқыған.

«Өзгеге жұмбақ әлемім» хикаясының түсірілімі Алматыда өтуде. Жоба туралы толық мәлімет жақын арада белгілі болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист