È

Алан Хоффманис: «Нью-Йоркты Кампалаға ауыстырғаным үшін көбісі мені есінен адасты деп ойлайды»

Алан Хоффманис: «Нью-Йоркты Кампалаға ауыстырғаным үшін көбісі мені есінен адасты деп ойлайды»

«Тұран» университетінде Tums Film Festival аз бюджетті кинофестивалі аясында «Вакаливуд» киностудиясының өкілі, американдық продюсер Алан Хоффманистың шеберлік сабағы өтті. Шетелдік маман Америкадағы жұмысын тастап, Угандаға неліктен көшіп кеткенін айтып, аз бюджетті фильмдер түсіру тәжірибесімен бөлісті.

«Нью-Йоркты Кампалаға (Уганда астанасы, Шығыс Африка – ред.) ауыстырғаным үшін көбісі мені есімнен адасты деп ойлайды. Білесіздер ме, менің қай елде болғаным емес, мен үшін ең бастысы, сүйікті жұмысымның – фильмдер түсіру мен продюсерлеу маңызды. Угандаға үш айға ғана барған болатынмын, бірақ бес жылға тұрақтап қалдым (күлді). Мен штаттағы пәтерімді және бар дүниемді саттым. Осындай қадамға барғаным үшін қуанамын. Қазіргі таңда аз ғана қаржыға қызықты кино түсіретін «Вакаливуд» атты тамаша студияда қызмет жасаймын»,-дейді Алан Хоффманис.

Продюсер шеберлік сабағы барысында 65 долларға ғана түсірілген «Бэд Блэк» комедиялық экшн-фильмін көрсетті. Картина Угандада Айзек Набвананың режиссерлігімен түсірілген. Алан сол елдің кинематографиясының жарқын болашағы болатынына сенімді.

«Айзек Набвана – алғашқылардың бірі болып жеке киностудиясының негізін қалаған, өздігінен үйреніп жүрген режиссер. Оның «Кім капитан Алексті өлтірді» деген фильмі менің Угандаға келуіме түрткі болды. Ол өзінің барлық картиналарын аздаған тиын-тебенге есік алдында түсіреді. Бірақ, жұмыстарына қарасаң, ол байқалмайды. Мұның өзі кәсібилік емес пе? Көрермен оның фильмдерін көріп, шабыттанады деп ойлаймын. Оған әр елдің түкпірінен келіп жатқан пікірлер дәлел бола алады. Жалпы, біз халықты шабыттандыру үшін кино түсіреміз»,-деп қосты продюсер.

Алан Қазақстанға келмей тұрып, жергілікті кинематограф туралы ештеңе білмейтін. Бірақ, келіп, аз ғана уақыттың ішінде біраз дүниелерге қанық болады әрі қазақстандық жас режиссерлармен қуана жұмыс істегісі келетінін айтты.

Жақында Алан Хоффманис «Бэд Блэк» картинасымен бірге Канада мен Испанияға аттанбақ.

 

Суреттер: «Тұран» университеті, «Кино және телевидение академиясы» факультеті

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер