È

Алдияр Байрақымов: «На грани» - ер жету, аяушылық және сенім туралы фильм»

Алдияр Байрақымов: «На грани» - ер жету, аяушылық және сенім туралы фильм»

Chaplin Mega Park кинотеатрында «На грани» көркем фильмінің тұсаукесері болды. Картина - жас режиссер Алдияр Байрақымовтың дебютті толықметражды таспасы.

«На грани» фильмінің басты кейіпкерлері – түрлі тағдырлары бар екі жасөспірім. Біреуі базарда арба сүйреуші, ал бірі мектепте жақсы оқитын озат оқушы. Бірақ, екеуінің тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты, оған ортақ бір жағдай куә болмақ.

«На грани» - ер жету, аяушылық және сенім туралы фильм. Сценарий 2010 жылы жазылып, «Гоп-стоп» деген уақытша атауға ие болған. Егер «Қазақфильмдегі» «Дебют» ШӨБ байқауы болмаса, сөреде әлі де тұра берер ме еді, кім білсін?! Сценарийі байқауға қатысып, картинаны өндіруге рұқсат алдым»,-дейді Алдияр Байрақымов.

Шәріп Серік, Венера Қайыржанова, Нұрлан Батыров және Алдияр Байрақымов «На грани»​ фильмінің тұсаукесерінде

Авторлар түсірілімді бастамас бұрын, сценарийге бірнеше рет өзгеріс енгізген екен. Бұл қиын жұмыста Алдиярға Венера Қайыржанова мен Болат Ысқақов көмектескен. Нәтижесінде, авторлардың айтуынша, қысқаметражды кино болады деп күтілген картина толық метр болып шыққан.

«Актер таңдауда біраз қиындықтар болды. Әлішер Әбуовты бірден бекітсек, екінші кейіпкерді сомдайтын актерді ұзақ іздедік. Ақыры, түсірілім басталуға бір күн қалғанда дарынды Шәріфбек Зәкіровты таптық. Іздегеніміз табыла кетті!»,-деп қосты режиссер.

Кинотаспа 2016 жылдың желтоқсанында түсірілген. Картина түсіріліміне екінші режиссер ретінде Мәдина Әлімхан, қоюшы-оператор Влад Зажерило, қоюшы-суретші Джалалитдин Ибрагимов атсалысты. Сондай-ақ, түсірілімге кинорежиссер әрі сценарий жазушы Дәрежан Өмірбаев қатысты.

Авторлардың айтуынша, «На грани» халықаралық фестивальдерге қатыспақшы. Өкінішке қарай, фильм киноайналымға шықпайды.

«На грани» фильмінің постері

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса