È

Әлия Наурызбаева: «Актер – ең қиын мамандық деп ойлайтынмын»

Әлия Наурызбаева: «Актер – ең қиын мамандық деп ойлайтынмын»

Алдағы көктемде қазақстандықтарға Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен» жастар мелодрамасы ұсынылмақ. Картинадағы басты әйел рөлін Әлия Наурызбаева сомдайды. Бойжеткен үшін бұл кинодағы дебюті болып табылады. Өзі жайында, кинотүсірілім мен рөлі туралы жас актриса «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

Әлия Наурызбаева - Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінің түлегі, мамандығы - «Мультипликатор». Қазір ол телевизиялық графика саласында білім алып жатыр. «Бойжеткен» жобасының кастингіне дайындалып келген.

«2016 жылы отандық әншінің бейнебаянына түстім, ол жобада қоюшы-суретші Айгүл Нұрболатова болатын, соның арқасында «Бойжеткен» кастингі жайында білдім. Мен үнемі «актер – ең қиын мамандық» деп ойлайтынмын. Сондықтан, өзімді кино саласында сынап көруге жүрексіндім. Бірақ, режиссер картина туралы, оның махаббат пен Алматы және рок-н-ролл жайлы екендігін айтқан кезде, кинотаспаға түсуге деген құлшынысым арта түсті. Кейіпкерімнің есімі Әнел. Ол батыр әрі аңқау қыз, қарапайым нәрселерден әдемілікті көре біледі», - дейді актриса.

«Бойжеткен» - Алматыда болған махаббат хикаясы. Жігіт – атақты болуды армандайтын музыкант. Бойжеткен өз армандары бар қыз. Екеуі кездейсоқ кездесіп қалады. Бірақ, сол кездесуді өмір бойы ұмытпайды.

Жалпы, режиссер жас актрисаға талапшыл болған. Алайда, Әлия берілмей, өз қабілетін көрсетуге тырысты.

Әлия Наурызбаева және Ерболат Ержанов «Бойжеткен» фильмінің түсірілімінде

«Дебютант актриса ретінде көңіл-күйім әр түрлі болды, бірде күлдім, бірде жыладым. Басқа актерлардың кинода тәжірибесі бар болатын, сондықтан олар түсірілім алаңында өздерін еркін сезінді. Соларға қарап, өзімді барынша көрсетуге талпынып, жігерлене түстім. Бір қызығы, мен асықпай сөйлеуді үйрендім. Кинодраматург әрі сценарист Зәуреш Ерғалиева маған көмектесті», - деп қоса кетті Әлия.

Ғашық музыкантты Ерболат Ержанов, ал досын Қуаныш Жылжақсынов сомдады.

Еске сала кетсек, фильм түсірілімі 2017 жылы жаздың соңында болған.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

22 января 2018, 20:59

Так оно и есть!

Мырзахмет

17 февраля 2018, 01:57

Успехов Алия.

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер