È

Alma pictures «Nya Nya аға» комедиялық хикаясын түсіріп жатыр

Alma pictures «Nya Nya аға» комедиялық хикаясын түсіріп жатыр

Alma pictures продюсерлік компаниясы «Nya Nya аға» атты қызықты атауы бар хикаяның түсіріліміне кірісті. Көпсериялы комедия «Жетінші арнаның» тапсырысымен түсірілуде.

«Nya Nya аға» хикаясының басты кейіпкері - аниматор Макс, ол тұрақты жұмыс іздеп жүріп, fashion-басылымға орналасады. Басылым басшысы Жәния Серікбаева шұғыл түрде Астанаға ұшуы керек болады, бірақ үш баласын кімге тастарын білмейді. Күйеуі іссапарда, ал оң қолы Алтынның жұмыстан қолы босамайды. Балаларына қарап бере алатын жалғыз адам – Макс. Кейіпкер қызықты жағдайларға тап болады, тығырықтан шығуға оған сенімді достары көмектеседі.

«Nya Nya аға» фильмінің түсірілім тобы

Режиссерлік орынға Дархан Сәркенов отырды. Оның фильмографиясында «Екеуге арналған заң» толық метрі, «Қыз жолы 2» және «Қазақ аруы» хикаялары бар. Режиссер өткен айда «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілімін аяқтады. Жобаға қоюшы-оператор ретінде Жанболат Еділбаев шақырылды. Ол былтырғы жылы «Отбасы» скетчкомының режиссері болған.

Картина түсірілімі Алматы облысында өтіп жатыр. Оған Динара Бақтыбаева, Қуаныш Жылжақсынов, Ерболат Тоғызақов, Әсел Акбарова және жас актрисалар: Диана Холловей, Әмина мен Адина Малғаждар қатысты.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер