È

Баян Есентаева «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілімін аяқтады

Баян Есентаева «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілімін аяқтады. Қазақстан киносы

Жуырда продюсер Баян Есентаева «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілімін аяқтады. Картинаның қоюшы-режиссері - Дархан Сәркенов («Екеуге арналған тармақ»). Бастапқыда ол жұмыс Рашид Сүлейменовтің мойнында еді. Жобаның қоюшы-операторы - Александр Рубанов.

Көпсериялы фильм негізіне Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың қайғылы махаббаты туралы халықтық поэма арқау болған. Кезінде Сарыбай мен Қарабай атты екі дос балаларын үйлендіреміз деп келіседі. Бірақ Сарыбай ұлы дүниеге келместен қайтыс болады, ал Қарабай уәдесін ұстауды құп көрмей, қызы Баянды балуан Қодарға береді. Бірақ, тағдырдың қалауы болады екен. Туылмай жатып бірге болуға бекінген Баян сұлу мен Қозы Көрпеш бір-бірімен кездесіп, ғашық болады.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілім тобы

Лирикалық поэманы киносценарийге бейімдеумен театр драматургы Аннас Бағдат айналысты. Басты кейіпкерлерді «Қазақ аруы» хикаясы арқылы танымал Гүлзада Тұрлаш және «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев сомдады. Сонымен қатар, таспада Қодар рөлін Марат Абай-Ділдә және Талшын (Баян құрбысы) рөлін Ақниет Орынтай ойнады.

Хикая түсірілімі Ассы жайлауында ауылды бейнелейтін арнайы салынған декорацияларда өтті. Түсірілім алаңында грим суретшілері Айнұр Рыспекова, Сәуле Ерденова, Екатерина Малышева, костюм бойынша суретші Дамира Тельбаева және костюмші-көмекші Салтанат Рысбаева жұмыс істеді.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» махаббат драмасы «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілді.

 

Превью: Гүлзада Тұрлаштың жеке Instagram парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер