Алматылықтарға «Шежіре» фэшн-фильмі ұсынылады
15 қазанда «Шежіре» қысқаметражды фэшн-фильмінің тұсаукесері болады. Фильм дизайнер Айнұр Тұрысбектің осы аттас 2017 жылдың көктем-жаз коллекциясы негізінде түсірілген. Біздің киноөндіріс үшін мұндай сирек феноменге режиссерлық ететін Елена Романова, оператор Алексей Кирюхин, сценарий авторы Жанар Кәрібай, қоюшы-суретшісі Ақылбек Ерманов, композитор Абзал Арықбаев және костюмер Диана Идрис. Жобаның продюсері әрі авторы дизайнер Айнұр Тұрысбек.
«Шежіре» - бұл ар, намыс, әскери даңқ, мықты рух, бірлік пен отбасылық құндылық туралы оқиға, «Жаңа этника» тақырыбымен шабыттанған түсірілім тобы көрермен назарына қазақ халқының тарихи мұрасын ұсынады.
_lo4c.jpg)
Ерекше киноның түсірілімі талғар қаласының маңында 3 сағатқа созылды. оған кәсіби актерлер мен дебютанттар да қатысты. Шақырылған қоонақтардың арасында RinGO, Ayumi, ВИА Assyl топтары, Адиль Лиян және Нұрберген Махамбетов болды.
Фэшн-картинаны жасаушылардың айтуынша, әрбір жаңа коллекцияның өз тарихы бар, бірақ оны барлығы бірдей түсіне бермейді. Осы мәсекленің шешімін табу үшін, аудиториямен тығыз байланыста болу үшін көмекке видеоформат келді. Батыста фэшн-фильмдерді түсіру - әдеттегі қарапайым іс және қарқынды дамып келеді. Тіпті сін туралы A Shade View On Fashion Film деп аталатын кинофестиваль да бар.
«Шежіре» фильмін түсірген шығармашылық топ та фестивальдарға қатысуды көздеп отыр.
лентаның тұсаукесері және монокөрсетілімі PORSCHE CENTRE ALMATY автосалонында 15 қазанда сағат 19:00-де.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін