È

«Анашымай» - «В поисках мамы» фильміне саундтрек

«Анашымай» -  «В поисках мамы» фильміне саундтрек

Ғаламторда «В поисках мамы» фильмінің саундтрегі жарияланды. Комедияның музыкалық сүйемелдеуі «Анашымай» деп аталатын әсерлі композиция, оны орныдаған әнші Төреғали Төреәлі. Музыканы шығарған Чингиз Алиев, ал сөзін жазған Қайнар Алагөзов. Әннің қырғызша нұсқасын орындайтын әнші Мирбек Атабеков.

«В поисках мамы» фильмі - қырғыз режиссеры Руслан Акунның («Герой моей девушки») драма элементтері бар шытырман оқиғалы комедиясы. Оқиға кішкентай болса да, өте ақылды бала Азамат туралы. Бір кездері балалар үйіне қалдырылған бала күндердің күнінде анасын іздеп таппақ болады. Анасын іздеген балақай Америкаға аттанады, ол жақсы баланың басынан небір қызықты оқиғалар өтеді. Азамат анасын таба ала ма, мұны көрермендер жақында біле алады. Фильм прокатқа 9 ақпанда шығады.

Сценарийді жызған қырғыз авторлары Жениш Майрамбеков және Бақыт Османқанов. Жобаның продюсері Нұрбек Айбашов. Қоюшы-операторы Жантай Қыдырәлиев, ол «Тағдыр» және «Сұнқар» сынды сериалдарды түсірген.

Басты рөлдерде Тәуекел Мүслім және Азамат Ұланов.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер