È

Әнуар Талғатов: «Мажорлар» фильміндегі Баганың рөліне 200 актер сыналды»

Әнуар Талғатов: «Мажорлар» фильміндегі Баганың рөліне 200 актер сыналды». Қазақстан киносы

Еліміздің кино экранына бай балалары туралы баяндалатын Жәнібек Ғұсмановтың «Мажорлар» фильмі шықты. Материалды жағдайы жоғары отбасынан шыққан баланың бірін жас актер Әнуар Талғатов сомдады. Актер өз рөлі жөнінде және түсірілім жұмыстары жайында «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Мажорлар» - менің кинодағы алғашқы басты рөлім. Бұл жобаға дейін мен эпизодтар мен әлеуметтік роликтерге түсіп жүрдім. Фильмнің кастинг-директоры мені көшеден көріп қалып, сынамаға қатысып көруімді ұсынды. Белгілі болғандай, «Мажорлардағы» Баганың рөліне 200 актер сыналыпты. Сондықтан, кастингтен өткенімді хабарлағанда, таң қалдым әрі қуанышымда шек болмады»,-дейді Әнуар Талғатов.

Картина кейіпкерлері – үш дос: сабырлы Марсель, еркетотай, бұзық Даник және салмақты Бага. Кейіпкерлердің мінездері әр түрлі, бірақ өмір сүру әдістері бірдей: түнгі клубтар, көліктер мен қыздар. Алайда, тағдыр әрқайсысына ерекше тосын сый дайындап қойған.

«Мажорлар» фильмінің түсірілімінен сурет

«Фильмді әркім әрқалай түсінуі мүмкін. Тіпті, біреулер картинадан өздерін немесе достарын көретініне сенімдімін. Түсірілім тобы мен актерлар 100% еңбектенді. Маған көбінесе драмалық көріністер қиындау болды, өйткені мен көңілді жүретін адаммын. Әрдайым күліп жүретіндіктен, таныстарым мені «Смайл мырза» деп атап кеткен»,-деп қосты актер.

Әнуардың экрандағы достарын Марсель Махмуди мен Бахтияр Байсерік сомдады. Көрермендер сонымен қатар Айым Сейтметова, Байғали Есеналиев, Михаил Токарев, Еркен Губашев секілді танымал актерларды көре алады.

 

Превью: ppz.kz

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Фагил

28 шілде 2017, 00:18

Хотелось бы сняться в Мажоры 2. Будет такая возможность?

Таныс бейне

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер