È

Айым Сейтметова «Мажорлар» фильмінде бейморальды бойжеткенді сомдады

Айым Сейтметова «Мажорлар» фильмінде бейморальды бойжеткенді сомдады. Қазақстан киносы

Актриса Айым Сейтметова толық метрде дебют жасады. Бойжеткен алдыңғы жолдары «Жiбек» хикаясында басты кейіпкерді сомдаған. «Мажорлар» фильмінде Айым негізгі рөлдердің бірін ойнаған. Актриса картина туралы толығырақ айтып берді:

«Кейіпкерімнің есімі Камилла. Оған махаббат қызық емес. Ол ақшаны жақсы көреді. Камилла – жігіттің алдымен материалды жағдайы мен әлеуметтік беделіне қарайтын қыздардың прототипі деуге болады. «Мажорлар» - заманауи «алтын» жастардың өмірін көрсету арқылы, кейіпкерлердің әрекетінен сабақ алып, олардың қателіктерін қайталамауға үндейтін фильм».

Айымның айтуынша, кинотаспа түсірілімі оған аса қиын болмаған. Фильммен жастардан құралған түсірілім тобы мен актерлар айналысты. Сондықтан, алаңда еркін атмосфера болды.

Айым Сейтметова және Бақтияр Байсерік

«Мен үшін түсірілім жұмыстары тез аяқталып кеткендей болды. Фильмді бір айдың ішінде түсіріп тастадық. Топ жастардан құралған, актерлар - менің құрдастарым. Сондықтан, барлығымен жұмыс істеу өте қызықты болды. Бір-бірімізді артық ауыз сөз айтқызбай түсіністік. Бақтияр Байсерікпен басқа жобада жұмыс істеген болатынмын. Сондықтан, аз болса да Бақтиярмен түсірілген көріністер маған жеңіл болды»,-деп әсерлерімен бөлісті актриса.

Сонымен қатар, Сейтметова түсірілім тобының картинамен жұмыс кезіндегі кемшіліктерін де атап өтті:

«Барлық кино түсірушілер жұмыстың созылуын қаламайды. Бұл фильмде топ ұзақ жиналды. Қаншама жобаларда жұмыс істесем де, әрдайым былай болатын: алаңға келесің, барлығы құрылып қойған, тек актрисаны күтіп отырасың. Ал «Мажорларда» керісінше, актер барлығын күтіп отырады».

«Мажорлар» фильмінің түсірілімінен сурет

Еске сала кетсек, таспаның режиссері Жәнібек Ғұсманов, ал бас продюсері Анар Рүстемова болды.

«Мажорлар» толықметражды фильмі айналымға 20 шілдеде шығады. Көрсетілім кестесін және билеттерді афишадан қарап, сатып алуға болады.

 

Превью: Айым Сейтметованың жеке Instagram парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист