È

Арыстанбек Мұхамедиұлы алдағы киножобалар жайлы сөз қозғады

Арыстанбек Мұхамедиұлы алдағы киножобалар жайлы сөз қозғады

Биылғы жыл отандық өндірістегі фильмдерге толы болатын сияқты. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақфильммен» бірігіп, еліміздің тарихи тұлғаларына арналған бірнеше картинаны жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

«Біз қайраткерлеріміз жайлы фильмдерді түсіруге міндеттіміз. «Әміре» картинасы – алғашқы қадамымыз. Мағжан Жұмабаевтың өмірі де қызық. Продюсер Алидар Өтемұратовтың қолдауымен бұл жобаны да жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Алдағы уақытта Қытаймен бірігіп, композитор Си Синхай жайлы фильм түсірмекпіз, ал 3-4 айдан соң Дулат Исабековтың сценарийі бойынша түсірілген «Балуан Шолақ» фильмін ұсынатын боламыз. Сонымен қатар, Смағұл Елубаевтың Қожа Ахмет Яссауи жайлы жазған сценарийі дайын. Біздің міндетіміз – қазақстандықтардың рухани бай мұрасын және отандастарымыздың жетістіктерін көрсету», - деп бөлісті жоспарларымен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, министр «Қазақфильмде» «Жеңімпаз» өмірбаяндық картинасының түсіріліміне дайындық жүріп жатқанын айта кетті. Фильм Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі күресшісі Жақсылық Үшкемпіров жайлы баяндайды.

Еске сала кетсек, Алматы облысында «Томирис» тарихи таспасының түсірілімі әлі де жалғасуда.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 апреля 2018, 00:37

Ждем все фильмы отечественного производства, культурного наследия и традиции. История должна рассказывать о своих выдающихся личностей, писателей, акынов, видных деятелей и многих знатных лиц нашего Казахского народа. В любом формате и времени. Но постепенно в ногу со временем.

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер