È

Берік Жахановтың «Асаны» PROlogue кинофестивалінде жүлделі болды

Берік Жахановтың «Асаны» PROlogue кинофестивалінде жүлделі болды

Берік Жаханов режиссерлік еткен «Асан» қысқаметражды таспасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен IV Халықаралық PROlogue кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды.

Таспа сюжеті өмірінде көрмеген және білмеген әкесін жерлеуге баратын балақай туралы баяндайды.

Марапаттау салтанатында Берік Жаханов сенім мен жігер үшін «Қазақфильм» студиясына алғысын білдірді.

Төрағасы өзбек режиссері Аюб Шахоббидинов болып келетін қысқа метрдің қазылар алқасының құрамына итальяндық продюсер Фабио Канепа, актер Филипп Рейнхардт, неміс қоюшы-операторы Макс Тцуи, кырғыз киносыншысы әрі кинотанушы Гүлбара Толомушова енді.

Халықаралық байқаудың толықметражды фильмдер қазылар алқасының мүшесі отандық режиссер Рүстем Әбдірашов болды.

Еске сала кетсек, 2017 жылы «Асан» «Дебют» Шығармашылық-өндірістік бірлестігі ұйымдастырған қысқаметражды фильмдердің сценарийлер байқауында жеңіске жеткен болатын.

Биылғы қарашада картина 9-шы халықаралық Start film festival кинофестивалінің байқау бағдарламасында таныстырылып, қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болған еді.

Сондай-ақ, таспа «Құлагер» ұлттық киножүлдесінде үздік қысқа метр атанды.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер