Әсел Ақбарова Баян Есентаеваны ауыстырды
Белгілі актриса әрі продюсері Баян Есентаеваны «Хабар» арнасының тележүргізушісі Әсел Ақбароввмен ауыстырды.
Асқар Узабаевтың жаңа картинасы ауылдан оңтүстік астанаға әпкесін іздеп келген батыл қыз туралы, ол ауылды, жақындарын ұмытып кетеді. Кейіпкер үлкен қаладағы гламур өмірге еліктеп, есі кетеді.
567 creative laboratory студиясының директоры Ринат Сафаровың айтуынша, актрисалардың ауысуына себеп, түсірілімнің белгіленген уақытында Баян Есентаева түсірілім алаңына келмеген. Актриса Тбилисиден әлі келмеген болуы керек. Алай Ұзабаев рөлге толық метрдегі дебютант Әсел Ақбарованы шақырды.

Әсел Ақбарова және Баян Есентаева
«Гламур для дур» картинасына қатысуы туралы Әсел Ақбарова былай деп пікір білдірді: «Мен толықметражды кинода басты рөлді ойнауды армандадым және өзімнің мақсатыма аяңдап қадам бастым. Телевидение саласында 10 жыл қызмет етіп, көпсериалы жобалардың түсіріліміне қатыса бастадым, музыкалық компазиция жаздым».
Фильмнің түсірілімі 10 маусымда басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Әсел «Зауал» (Жандос Айбасов), «Перекресток в Астане» (Ермек Шынарбаев) сериалдарында, Пазлы счастья» (Ғалым Асылов) жаңа жылдық фильміне түсті.
Тақырып бойынша:






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін