È

Әсел Асқар «Ең сұлу қыз» фильмінің басты кейіпкерін сомдады

Әсел Асқар «Ең сұлу қыз» фильмінің басты кейіпкерін сомдады. Қазақстан киносы

Жақында Қанағат Мұстафиннің «Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімі аяқталған болатын. Комедиядағы басты рөлді тележүргізуші Әсел Асқарға сеніп тапсырды. Авторлардың жобалауынша, ол бірден екі кейіпкерді сомдаған. Актриса кімді сомдағанын «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

«Ең сұлу қыз» - бұл менің толық метрдегі ұзақ күткен дебютім. Мен кастингтен өткен жоқпын. Мені режиссер Қанағат Мұстафин шақырды. Маған түсірілімнен бір апта бұрын хабарласып, басты рөлге бекітілгенімді айтқан болатын. Өзім таң қалдым әрі қуандым. Режиссер мен продюсердің менің қандай қасиеттерімді байқағанын білмеймін, бірақ маған сенім білдіргендері үшін қуаныштымын. Фильмде мен апалы-сіңлілі егіз қыздар – Лейла мен Мадинаны сомдаймын. Екеуі екі түрлі, сондықтан маған бір кейіпкерден екінші образға ауысу қиындау болды. Лейла салмақты, ебедейсіз бойжеткен болса, Мадина керісінше, азат әрі жігерлі қыз»,-деп бөлісті Әсел Асқар.

«Ең сұлу қыз» фильмі – Бауыржан мен достарының хикаясының жалғасы. Комедияның сюжеті бойынша достар қалыңдық іздеуге шығады, бірақ бұл жолы Саматқа тауып беруді көздейді. Әселдің сомдауындағы апалы-сіңлілердің біреуі Саматтың ғашығына айналады.

{{begin_gallery}}

«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет, Қанағат Мұстафин және Әсел Асқар«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет, Берік Айтжанов және Әсел Асқар«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет, Әсел Асқар «Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет, Мұрат Бисенбин және Әсел Асқар«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет
«Ең сұлу қыз» фильмінің түсірілімінен сурет, Қанағат Мұстафин және Әсел Асқар

{{end_gallery}}

Суреттер Әсел Асқардың жеке Instagram парақшасынан алынды

«Мен Мұрат Бисенбин, Берік Айтжанов, Асан Мәжит, Қуаныш Долдаев секілді актерлармен жұмыс істегеніме қуанамын. Кинодағы тәжірибемнің жоқтығын ескеріп, түсірілім тобы маған ерекше қолдау білдіріп, көмектесті. Түсірілім тобы әрдайым достық қарым-қатынаста болды. Ең қиын көрініс мысықпен болды. Сценарий бойынша Лейла мысықтарды қатты жақсы көреді. Сол үшін мысықтардың қатысуымен де көріністер түсірдік. Бірақ, мен фильм түсірілімінің арқасында бұл жануарлардан қатты қорқатынымды түсіндім»,-дейді актриса.

Әсел Асқар түсірілім басталмай тұрып, қазақстандық театр және кино актрисасы Ольга Ландинадан актерлік шеберлік бойынша жеделдетілген сабақ өткен.

Тележүргізуші ендігі кезекте өзін драма жанрында сынап көрмекші.

Еске сала кетсек, Қанағат Мұстафин «Ең сұлу қыз» фильмінің түсіріліміне ағымдағы жылдың 12 мамырында кірісіп, 3 маусымда аяқтаған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер