È

Асқар Бисембин «Әйел кедергі емес» фильмінің постерін ұсынды

Асқар Бисембин «Әйел кедергі емес» фильмінің постерін ұсынды

Желіде 5 сәуірден бастап айналымға шығатын «Әйел кедергі емес» комедиясының постері пайда болды. Режиссер Асқар Бисембиннің жаңа фильміне Әсел Сәдуақасова, Дәурен Айдарқұлов және Сая Оразғалиева түсті.

«Әйел кедергі емес» картинасы ерлі-зайыптылар Руслан мен Жанна туралы баяндайды. Жанна күннен-күнге күйеуінің өзіне назар аудармайтынын байқайды. Руслан опасыздық жасағанда, әйелдің күдігі расталады. Алайда, жанжал шығарудың орнына, кейіпкер көңілдестен басқаша арылуға тырысады. Бірақ, қарсылас тәжірибелі психолог болса, не істеуге болады?

Махаббат үштігінің сценарийін Асқар Бисембин Сәкен Тоқтағұловпен бірге жазды.

Комедия өндірісімен Bissembin film және Sunny Production компаниялары айналысты. Отандық нарықтағы комедиялардың көптігіне қарамастан, авторлар кинотаспаның өз көрерменін табатынына сенімді.

«Әйел кедергі емес» фильмінің ресми трейлерін «Бродвейден» көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса