È

Астаналықтарға «Түстер үйлесімділігі» деректі фильмі ұсынылды

Астаналықтарға «Түстер үйлесімділігі» деректі фильмі ұсынылды

Астанада «Түстер үйлесімділігі» деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Режиссер Евгений Лумповтың картинасы елорда көрермендеріне алғаш рет ұсынылды. Көрсетілім ұйымдастырушысы ретінде EsilArt қоғамдық қоры жұмыс істеді.

«Түстер үйлесімділігі» фильмі Астанада құрылған алғашқы Kadmii Qyzyl арт-тобына арналған. Бұл отандық өнерді дамыту мақсатында еліміздің әр өңірінен келген жас суретшілер жайлы оқиға. Таспа түсірілімі 2017 жылдың мамыр айында басталып, маусымына дейін жалғасты. Картинаны «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысы бойынша түсірді.

Таспаның қоюшысы – Евгений Лумпов ҚазҰӨУ-дің Әнуар Райбаев шеберханасы бойынша түлегі. Режиссердің алдыңғы жұмыстары бірнеше рет Германия және Ресейде өткен халықаралық кинофестивальдердің қатысушысы атанған болатын.

Айта кетейік, «Түстер үйлесімділігі» фильмінің көрсетілімі 2017 жылдың қазан айында Алматыдағы қазақ деректі киносы күндері аясында өтті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса